Рулас қызға үйленген жөн бе?

1.Адамның тегі жоғары қарай да, төмен қарай да өзінен басталады. Төмен қарай: 1.Бала. 2.Немере. 3.Шөбере. 4. Шөпшек. 5.Немене. 6.Жүрежат. 7.Туажат. 8.Жұрағат. 9.Қаймана. Яғни, аты айтып тұрғандай, "туажат" "жүрежаттан" кейін келеді. "Жекжат" бұл санатқа кірмейді, себебі ол "жігі жат" дегенді білдіреді, сондықтан қазақ "құда-жекжат", "ағайын-туыс" деп атайды", "ағайын-жекжат" демейді.
2."Қозы мен Баяндай ғашықпыз, қосылмасақ бір молада өлеміз!" дейтіндер табылғанның өзінде де, тек 8-жұрағаттан бастап рұқсат ету керек, себебі 7 атада қан түгел ауысып бітеді.
3.Руласқа үйленбеуді соза түскен абзал. Ал, үйлене қалған жағдайда ата-баба салтымен боз бие сойып, елді жинап, әруақтардан кешірім сұрап, үлкендердің рұқсат-батасын алмай үйленген жөн болмайды. Салт-дәстүр заңнан жоғары! Себебі - дұрыс!
Өмірзақ Ақжігіт
Facebook-тегі парақшасынан





