"Сабыр түбі - сары қыз" дегендей,...

Уа, муһтарам Жамағат!
18 жасқа толуына 1 апта қалған сұлу қыз кімге ұқсайды? - Ондай қыз Ораза айындағы түскі асқа ұқсайды. Оразадағы түскі асқа сілекейің ағып қарағандай, жұпар иісі мұрыныңды жарғандай, 18 жасқа 1 аптасы қалған қыз да, сондай сезім сыйлайды. Қарайсың, тамсанасың, қиялдайсың, сүйсінесің, армандайсың, бірақ құшақтауға болмайды. Құшақтап қойсаң жерде Следак айырады Сондай кезде шыдамдылық танытқан, сабырлыққа бой алдырған, нәпсісін игерген қыздың ер азаматы, Жаратушының алдында ең сабырлы пенде болады. Кімде-кім өз жүрегіндегі зұлым "Аль-Хочунчик" деген шайтанды жеңсе, онда Ораза біткенде суға "от души" қанып ішкендей, қуаныш-қанағатқа бөленеді. "Сабыр түбі - сары қыз" дегендей, өзін сабырда ұстаған адам "Китабу Әл-Қылмыси" үкіміндегі тозақи отынан құтқарылады делінген. Тек сабырлы адам ғана дұрыс таңдау жасайды. Себебі сұлу қыз 18 жасқа толғанда, қыздың оң жақ иығына "Недам" деген періште қонып, сол иығына "Тезберер" деген шайтан қонады. Сол екі мақұлық бір-бірімен таласқанда жігіт кімге жақтасса, сол жеңеді. Дұрыс жолды таңдаңдар, Уа муминдар! Адасушылардың қатарынан болмаңдар! (Абдуссамад ан-Нордмани) Samat Nordman Nurtaza Фейсбуктегі парақшасынан





