Сәл болмағанда сәлафит бола жаздағам...
Жаздыгүні базардан шалбар сатып алып, балағын қысқартпаймын ба, сөйтсем тігінші әйел сәл келтелеу кесіп қойыпты.
Қоя беріңіз енді деп, сол жерде үтіктетіп, киіп алғам. Сонымен не керек, аялдамаға бара жатып аяғыма қайта-қайта қарап қоям, балақ құрығыр одан сайын қысқарып кеткен бе, бірдеңе. Ал енді ұялайын. Ұялғанда да нені ойлап ұялды дейсіздер? Бар уайымым: "О Құдай, мыналар мені келте балақ сәлафит деп ойлайтын болды-ау енді...". Елдің бәрі тап бір менің шалбарымның балағына қарап қалғандай ай бір сасайын. Құдай жарлықап автобус тез келе қалды. Үйге әзер жеттім.
Мұнымен айтқым келгені мені әлгіде ұялтқан балақтың қысқалығы емес еді, мені ұялтқан қысқа балақпен жүретін әсіредіншілдердің былайғы жұрттан алыстап, жүрген жүрісі көзге оғаш, кей жағдайда жиіркенішті, қорқынышты көрінетіні еді. Мені солардың бірі екен деп ойлап қалмады ма екен дейтін комплекс әбден қысқан сияқты. Осылайша сәлафит бола жаздағам.
Дәурен Әбдіраманов
Facebook-тегі парақшасынан