Сəлем салуды ескінің сарқыншағы деп күлкіге айналдыратын шығар

Сəлем салуды ескінің сарқыншағы деп күлкіге айналдыратын шығар

Əйел əдебіне байланысты бала кезімнен есте қалған бір жай еске түсіп отыр. Мектебіміздің директоры болған Тəшкенбай деген ағамыз қалада оқып, жоғары білім алған Дүрдана тəтейімізді (ол да мұғалім) келін қып түсіреді. Бір күні осы шаңыраққа ауыл ақсақалдары соғым басына жиналады. Қазақи дəстүр бойынша ет желініп біткеннен кейін үлкендерден қайтқан табақты алған келін сəлем салуы керек. Табақтың түбіне келіннің сыбағасын қалдырып қояды. Табақтың бос қайтқаны жаман ырым. Қалада оқып орыс тəрбиесін алған келін не білер дейсің деп ойлаған қариялар сол күні табақтағы етті түк қалдырмай жеп қояды. Бос қайтқан табақты алып жатып Дүрдана тəтейіміз: "бос табаққа да бір сəлем!" деп, табақты төңкеріп тұрып сəлем салып, есіктен арт жағымен шығып кетеді. Бетінен оты шыға жер болып, жегені желкесінен шыққан ауыл қариялары жас келіннің тапқырлығына əрі риза болып, əрі қысылып, бұл жайды көпке дейін ұмыта алмай жүріпті. Аңыз боп тараған осы оқиғаны үлкендер əлі күнге дейін ауыздарының суы құрып əңгімелеп отырады.
Қала тəрбиесін алған бүгінгінің келіндері табаққа сəлем салу дегеннің мəнін түсіне ме екен өзі? Ескінің сарқыншағы деп күлкіге айналдыратын шығар.
Өз басым өмірімде бір-ақ рет сəлем салғаным есімде. Онда да табаққа емес, үлкен кісіге. Жаңадан келін боп түскен кезім. Үйге ауылда мұғалім боп істейтін қайнағам келе қалды. Сəлем салдым. Сондағы қайнағамның қысылғанын көрсеңіз ғой! Құдды мен бір ескіліктің тозған қалдығына ұқсап кеткендей едім. Қайнағамның қысылғанын байқап менің де жан терім шықты. "Бұдан былай сəлем салмай-ақ қой, қарағым! Рақмет!" деген сөзі мəңгілік жадымда жатталып қалды. Осы күні ойлаймын, коммунистік тəрбие не деген мықты еді деп. Бүтіндей бір халықтың тəлім-тəрбиесін оп-оңай теріс бағытқа бұрып жіберді емес пе.

Гүлмәрия Барманбекова

Facebook-тегі парақшасынан

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста