Сен ақ пиармен айналыспасаң, қара пиар сенімен айналысады
Бұрын біреуді қараласа, өсектесе, жамандаса, екінші жақты естімей сеніп қалушы едім. Қазір бір танымал тұлғаны ақпараттық құралдар қаралай бастаса, сол радио, ТВ, сайттың иесі кім екенін білемін де, саяси тапсырыс екенін бірден ұғамын. Қазір ақпараттық соғыс заманы болғандықтан, кемі 2-3 ақпарат құралың, 100 блогер-журналист досың, 1000 шақты боттарың болмаса, миллиардтаған ақшаңды қорғау қиынға соғады.
Жай халық (тобыр деуге болмас) қандай ақпарат көп тараса, соған сеніп қалады. Сондықтан мың жеріңнен мықты, бай, білімді бол, ақпарат құралдары кімнің тарапында болады, сол жақ жеңіп шығады. Біздегі кейбір кісілер маған пиар қажет емес, мен сапалы, адал және жүйелі жұмыс істеймін деп ойлайды.
Қазір қараланып, түрмеге тоғытылып жатқандардың бәрі кезінде солай ойлаған. Сондықтан "ақша тыныштықты сүйеді" деп жүре бермей, арасында пиар мен маркетингті де ойлап қойған жөн. Сен (ақ) пиармен айналыспасаң, (қара) пиар сенімен айналысады.
Nurlan Janai
Фейсбуктегі парақшасынан