Сендер осы не шегесіңдер заң қабылдарда?

Сендер осы не шегесіңдер заң қабылдарда?

Боқтық сөзге салынған тыйым мені екі ойлы күйге түсірді. Бір жағынан дұрыс шешім секілді. Әзілді ысырып қояр болсақ қоғамдағы адамдар арасындағы конфликттердің тең жартысы абайсыз не қасақана айтылған боқтықтан басталады. Мысалы бііреу әкеден боқтайды, екіншісі шешесіне тіл тигізеді. Не үш әріпке барып қайт деп жібереді.Содан барып өкпе, төбелес, пышаққа не қаруға жармасу басталады. Аяғында екі жақтың бірі соққыға жығылады, не одан да сорақысы - мерт болады. Кемінде араздасып тынады адамдар. Өтірік пе? Осы тұрғыдан қарағанда оң шешім ба дейсің.
Ал екінші жағынан біздің қоғамда ішке ашу толғанда оны бір боқтап шығару, сөйтіп шер тарқату - әбден бойға сіңген әдет болған. Одан арылу керек те шығар. Бірақ өмір сүру, эмоциямен күресудің құралына айналған бұл әдеттен адамдар оңайлықпен құтыла қояр ма екен? Әлемде боқтамайтын ұлт бар ма жалпы? Меніңше мұндай шектеу орнату абсурд.
Және үшіншіден, боқтық айтқан адамға 69 мың теңге айыппұл салынады дейді. Солай-ақ болсын. Бірақ бұл жерде нақты анықтамалар қажет. Егерде адам белгілі бір азаматқа қаратып боқтайтын болса оған жаза қолдану орынды. Ал егерде адам ешкімге нақты айтпай белгілі бір жағдайға байланысты, айталық тайғақ көшеде тайып құлап боқтаса немесе ДТП-ға түсіп бір жерін зақымдап боқтық сөз айтса оған да айыппұл сала ма? Не деген идиотизм.
Құрметті қадірден жұрдай заң шығарушы мырзалар. Сендер осы не шегесіңдер заң қабылдарда? Не болса да бастарың жазылғанда осы нәрселердің ара-жігін нақтылап ажыратып берсеңдер.

Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста