Сергек жүріп, сауатты өмір сүрейікші

Сергек жүріп, сауатты өмір сүрейікші

"Әйел қырыққа келгенше өңін бермесе - қасиет, еркек қырыққа келгенше есі кірмесе - қасірет", - деп Ғ. Мүсірепов атамыз жақсы айтқан. Жалпы, бәріміз 40-қа дейін өзімізді алаңсыз Құдайға сеніп тапсырып жүре береміз ғой. Әсіресе, денсаулық жағынан. Бірақ дәл мына заманда уже 30-ға жетпей жылына екі рет тексеріліп тұрмасаң, ешкімге өкпелеме.
Организм негізі сигнал береді. Бүгін біреу түшкіріп қалса, ертесі сен ұшып түсесің. Бір ауырсаң, өзіңе-өзің келем дегенше әлем уақыт кетеді. Болмаса, тәбетің тартпай, ас іше алмай... керісінше стрестен жей беріп, салмақ қосып алып деген сияқты...
Біз не істейміз ондайда? Қай жеріміз ауырса, соны ғана емдеп, басылса, дым болмағандай жүре береміз. Вот, осы дұрыс емес.
Мүмкін сіздің бүйрегіңізде не бауырыңызда бір ауру басталып келе жатқан шығар... Құдай сақтасын, әрине. Бірақ шын солай боп, сіз елемей, асқындырып алсаңыз ше?...
Мүмкін ағзаңызда витамин қоры сарқылып, Д3, С, (мейлі қайсысы болса да) сияқты маңыздыларынан түк қалмаған шығар?
Мүмкін калий, кальций, цинк, т.б минералдар азайып кетті ма екен?
Әсіресе, әйелдер жағы әр бала туған сайын бойында қалғанын соған бере береді ғой. Хорошо, если ол әр баласына дайындалып, тым құрыса фолий қышқылы мен кальций ішсе. Өйтпесе, бала сайын бере-бере өзіне түк қалмай, ақырында бір күні топ етіп құлай салады не... ойлаудың өзі қорқынышты...
Шыны керек, типичный қазақтар үшін аурудың екі-ақ түрі бар ғой: суық тиді не көз тиді деген. Бізге терапевтке барып, анализ тапсырғаннан гөрі, үшкіріп, дем салатын молдаға бара салған оңай. Ал бірақ молда сіздің қаныңыз азайып, давлениеңіз көтеріліп, ішкі ағзаңызда "жанартау" жарылғалы тұрғанын айтып бере алмайды. "Саған біреу дуа жасаған", - деп одан сайын шақшадай басыңды шарадай қылып, скорыймен ауруханадан бір-ақ шығармасына кім кепіл?!.
Сондықтан сергек жүріп, сауатты өмір сүрейікші. Өзіміз үшін ғой бәрі. Болмашыға зар илеп, біреуді күндеп, жүндегенше, не бір психологтың парақшасына жатып алып, соның фанатына айналмай, өз өмірімізді мәнді етіп сүруге тырысып, күн сайын ізденіп, тегін нәрсенің өзін-ақ дұрыс пайдаланып (жиі су ішіп, жаяу жүріп дегендей) жүрсек, әйелдер жағы 40-тан кейін де өңімізді бермей, ерлеріміз хотябы 40-тан кейін ес жиып, етек-жеңімізді дұрыстап, алдағы 50 деген жасты достойно қарсы алуға болады. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста