Шіркін, екі қатынымды қосып, бір қатын шығарса, идеальный әйел болатын еді
Құрбым айтады: «Бөле ағамның бірінші әйелі өте пысық еді. Үйіне қыдырып барсақ, аяқкиімімізді сүртіп қоятын. Үйінен қыл таппайсың. Үйіне қыдырып барсақ, бала демей жақсы күтіп жіберетін. Есесіне, істеген жұмысына сай күйеуіне қоятын талабы да күшті еді. Ол күйеуінен, күйеуі одан шаршап, ажырасып кетті. Екінші әйелі салақ. Бірінші әйеліне мүлдем қарама-қарсы тип. Есесіне, күйеуіне көп талап қоймайды, қарсы сөйлемейді. «Шіркін, екі қатынымды қосып, бір қатын шығарса, идеальный әйел болатын еді. Кеткен қатынымның қолынан келмейтіні жоқ, бірақ істегенін желкемнен шығарып алатын. Мына қатынымда үн жоқ, бірақ шаршатады дейді бөлем» деп құрбым күлдіріп еді. 
Бүгін танымал режиссер хабарласты. «Әңгімелеріңді пьесаға айналдырып берші» дегеніне көп болған. «Аяш, бір жас жазушы екі айда бір пьесасын жіберіп, «сахналаңызшы» дейді. Жазғаны жарамайды. Жатып алып, жаза береді-ау. Саған жаздыра алмадым, оған жазуды қойдыра алмадым" деп күледі. 
Құрбымның бөлесінің әңгімесі есіме түсіп, күлдім.
Шіркін, маған сол жігіттің еңбекқорлығын бергенде ғой. 
Ая Мантай
Фейсбуктегі парақшасынан