Сіз өзіңіз әлі де танып үлгермеген махаббатты қалай жоғалтып алдым деп айта аласыз?

Сіз өзіңіз әлі де танып үлгермеген махаббатты қалай жоғалтып алдым деп айта аласыз?

«Әр адамға ғашық болған сайын, артынша оның мүлде махаббат емес екенін түсінемін. Махаббат деп үнемі басқа нәрсені айтып, адасады екенмін.

Сондықтан мен енді махаббатқа сенбеймін. Мен адамдардың бір бірін "қалай бар, солай, сол қалпында сүю" мүмкін еместігін түсіндім.

Уақыт өте келе махаббат дегеннің мүлде оған үш қайнаса сорпасы қосылмайтын оның маскасын киген көлеңкелері ғана екенін түйсіндім. Сондықтан мен махаббатқа сенуден қалдым», - деді ол маған.

Ол рас айтады. Жүрегіңізге терең үңілсеңіз махаббат деп жүрген нәрселердің артында мүлде бөтен нәрселер жасырынып жатады. Өтірік, фальш жүреді. Бірақ фальш оған қарама-қарсы ұғым шынайылық бар болған соң өмір сүреді. Шын ақша мен өтірік монета сияқты.

Кейде біреуді иемденіп, үстемдік құруға деген құштарлық махаббаттың атын жамылып алады. Кейде оның артында құмарлық, ынтықтық, қызғаныш жасырынып жүреді. Неге олар оның атын жамылады? Өйткені олар махаббаттың ақиқат екенін біледі. Махаббаттың маскасын киіп алса, олар өзін қауіпсіз сезінеді.

Неге бәрі махаббаттың артына жасырынғысы келеді? Себебі махаббат – әлемдегі ең ұлы қорғаныс. Ең шынайы ақиқат. Жалғыз энергия. Басқаларының барлығы өтірік, жалған. Махаббат еместің бәрі жалған. Сіздің махаббатқа қатысы жоқ айналысып жүрген ісіңіздің барлығы – мағынасыз бос тірлік, уақыт жоғалту ғана.

Махаббат қана абсолютті шындық. Оның жолында жасаған барлық әрекетіңіз сізді биікке көтереді. Осы сезім ғана сізді шынайы һәм табиғи етеді.

Осы шындықты түсінгендер махаббаттың атын жамылғысы келеді. Ұлы сезімнің кейпіне енуге тырысады. Себебі махаббат – қорған.

Махаббаттың ғажайыптығы сондай оның артына жасырынған сұрқия кейіптегілер де таңғажайып болып көрінеді.

Сіз маған махаббатқа сенбеймін дедіңіз. Ол дұрыс емес. Себебі ол кезде сіз шынайы махаббатты танымадыңыз. Оның қандай болатынын білмедіңіз. Сіз өзіңіз әлі де танып үлгермеген махаббатты қалай жоғалтып алдым деп айта аласыз?

Сіз біреуге үстемдік қылуға деген құмарлыққа, қызғанышқа деген сеніміңізді жоғалтуыңыз мүмкін. Сіз ашуға немесе құштарлыққа, құмарлыққа, ынтықтыққа деген сеніміңізді жоғалтуыңыз мүмкін.
Сіз әлі нағыз махаббатты таныған жоқсыз ғой. Сіз оған деген сеніміңізді қалай жоғалтасыз?

Сенімді жоғалту үшін сіз алдымен махаббат жолында тәжірибеңіз болуы керек. Ал ол жолдан сіз өткен жоқсыз. Тереңінен үңіліңіз. Сол кезде түсіне бастайсыз.

Қызғаныштың не екенін сіз білесіз. Біреуге үстемдік жүргізу, біреуді иемденудің не екенін сіз білесіз. Бұл – жақсы. Сіз даму жолындасыз. Даму осылай жүзеге асады.

Басында бәрі мибатпақ, аралас күйінде кездеседі. Алтынның таза күйінде кездеспейтіні сияқты. Алтынды тазалап алу үшін оны отқа саласыз. Оттан тек таза алтын ғана шығады.

Түйсіну – ол от сияқты. Махаббат – ол алтын. Қызғаныш, құмарлық, нәпсі, жек көру – ол лас нәрселер. Алтынды жасырған құм қиыршығы мен тастар сияқты.

Қызғаныштың не екенін ұқтыңыз. Оны түйсіну арқылы түсіндіңіз. Жартылай жеңіске жеттіңіз. Себебі сіз қызғаныштың махаббат емес екенін білдіңіз. Сіз қызғанышты таныдыңыз. Бірақ сіз махаббатты таныған жоқсыз. Сіз дұрыс жолда келе жатырсыз.

Үмітіңізді үзбеңіз. Сіз бір күні шынайы махаббатты танитын боласыз. Аз қалды. Бұлай аптығып асықпаңыз. Ақиқат өзін көрсететін болады. Ақиқат ол жаңалық. Сіз тек сол жаңалықты ашуға ұмтылсаңыз болды. Көп қателік болады. Бірақ ақиқатқа жетудің өзге жолы жоқ. Қателіктер мен сынақтар - оған апаратын жалғыз жол.

Енді сіз қателіктерді айналып өтетін дәрежеге жетесіз. Қателіктер азая беретін болады. Тазалыққа жақындай бересіз. Орта жолдан тоқтамаңыз. Тіпті 100 рет жаңылыссаңыз да үнемі осылай қателесе беремін деп ойламаңыз. Осы бұралаң, мибатпақ жолдан өту керек. Тастар мен құм қиыршықтарға табаныңыз тілінуі керек. Сіз – тура жолдасыз.

Нағыз махаббатқа өлердей шөлдегеніңіз үшін бір күні сіз оны жазбай танитын боласыз.

Сіздің ішкі әлеміңізде терең бір түйсік бар. Теңіз астында білінбей жылжитын құпия ағыс тәрізді. Сол ішкі түйсік, терең болмыс сізге ненің махаббат, ненің махаббат еместігін сездіретін болады.

Махаббат іздеу арқылы сіз қызғаныштың, иемденуге деген құмарлықтың, нәпсінің, жек көрудің, есепке құрылған құйтырқы сезімдердің не екенін көрдіңіз. Бұл алтынды жасырған тастар мен құм қиыршықтар еді.

Нағыз алтын – нағыз махаббат ақиқат ретінде түбінде бір жарқ етеді. Оны көлегейлеу мүмкін емес.

Tanagoz Tolkynkyzy
Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста