Сіздер де танымауға тырысыңыздар! Сонда "ит үреді,керуен көшеді" болады

МЕН ОНЫ ТАНЫМАЙМЫН!
Өткенде ғой, бастығыма жер-көкті "өртеп" жүрген, көгілдір экран мен сайттардан арсыз тірліктері түспейтін атышулы "жұлдыз" телефон шалыпты. Өзі өте ашулы. Алдында ғана Сқабылдың баласы әлеуметтік желіде бір қыршып алған. )) Мақсаты - сол бәлені бастығына айтып бір тұқыртып алу болса керек.
- Алло!-депті назданып,- Мен пәленшемін ғой! Таныған шығарсыз?
Бастығым да оңай адам емес. Бұл "жұлдызды" жақсы біледі және неліктен телефон соғып жатқанын да сезіп тұр.
- Кешіріңіз! - депті сабырмен, - Мен сізді танымаймын. Тіпті естімеген де екенмін...
Ар жақта үнсіздік. Дәлірек айтқанда "шок"! Қалайша? Мұны бүкіл ел тануы керек қой! Өзін ғана емес, кеше ғана ауыстырған күйеуі де, бесіктен белі шықпай жатып әлеуметтік желіде елге есірік әңгіме айтып жүрген қызы да танымал болып қалды емес пе? "Жұлдыз" қатты састы. Айтар арызын да ұмытып телефонын қоя салған.
Әлгі Ресейдің "бұлбұлын" министр Абаевтың танымағаны дұрыс болды. Мен де танымаймын. Сіздер де танымауға тырысыңыздар! Сонда "ит үреді,керуен көшеді" болады.
Арман Сқабылұлы
Фейсбуктегі парақшасынан





