"Скорость" деп аталатын есірткінің бір түрі жастар арасында кең тарап барады екен

"Скорость" деп аталатын есірткінің бір түрі жастар арасында кең тарап барады екен. Шегіп алады да екі-үш тәулік бойы шаршаудың не екенін мүлде ұмытып, көзі бақырайып ұйықтамай жүре береді дейді. Түнгі клубтың шаңын аспанға шығарып, талмай билеп жүретін жасардың көпшілігі осы есірткіні көз бен мұрынға дәрі тамызатын әйнек "пипетканың" ішіне салып шегетін көрінеді. Көпшілік жастар әлгі бәлені "жәй шегетін нәрсе ғой, ине арқылы тамырға берілетін наркотик емес қой" деп өздерін-өздері алдаусыратқанмен. шындығында адамды өзіне тәуелді қылу жағынан тамырға егетін есірткіден еш айырмасы жоқ сияқты. Өйткені оны бір рет шегіп көрген адам қайтадан тастай алмай қалады екен. Сондықтан ұл-қыздарыңызға өте абай болыңыздар. Қашан ұйықтады, қашан тамақ ішті, шын ұйықтап жатыр ма, әлде ұйықтаған кейіп танытып жатқан жоқ па, бәрін қадағалап жүріңіздер. Ойламаған жерден энергиясы артып, көңіл-күйі тым ерекше көтеріңкі болса бұл назар аударуды қажет ететін мәселе болуы мүмкін.
Ермек Құрманғалитегі
Фейсбуктегі парақшасынан





