Сөйтіп бұл бүркіт тауық құсап өмір сүрді, тауық құсап өлді
Аңшы, тау басынан бүркіттің жұмыртқасын алып, үйіндегі күрке тауықтың жұмыртқаларына қосыпты.
Бүркіт баласы тауықтың балапандарымен бірге өсіп соларға ұқсап кетеді: солар құсап құт-құттайды, құрт іздеп тезек шоқиды, қанатын қағып ұшуға тырысады.
Бірнеше жыл өтті. Бірде өсіп қалған бүркіт аспанда ұшып жүрген тәкаппар құсты байқады. Үлкен қанаттарын анда-санда бір қаққан ол, әдемі қимылмен жел толқынын айналып өтіп ұшып жүрді.
Мұны көріп таң қалған бүркіт:
-Бұл кім?-деп сұрады.
-Бұл барлық құстардың патшасы бүркіт болады",-деді жанында тұрған тауық. -Ол үнемі аспанда ұшып жүреді. Ал біз, тауықтар, тек жерде жүреміз. Сөйтіп бұл бүркіт тауық құсап өмір сүрді, бір күні тауық құсап өлді, себебі, ол өзін тауықпын деп есептеп еді.
Қаласақ та, қаламасақ та қоршаған ортамыз бізге әсер етеді...Оны түсіну керек...Әрі бізді қоршаған ортамыздың пікірлері, қолымыздағы өнер мен мүмкіндіктеріміздің өлшемі болып табылмайды.
Қолымыздан көп нәрсе келеді...ең бастысы, біз оған сенуіміз керек және мықтылар мен жетістікке жетушілермен теңесуіміз керек...
Жүрсін Кәрім
Фейсбуктегі парақшасынан