Сонда әр қазақ бір басқа ұлттың "құлы" ма?

Осы "арабқұл" және "орысқұл" деген сөзтіркестер біздің күнделікті вакабулярымызға кіріп кетті. Оп-оңай қолданамыз. Сонда сол "арабқұл" деген кім? Сонда "орысқұл" деген кім? Егер осы екеуінің идентификациясын осы екі өркениетті жақсы көретін адамға айтатын болсақ, онда басқа да ұғымдар пайда болады емес пе?.
Мысалы араб музыкасын тыңдап, араб болғысы келіп, достарын арабша "Ахи" деп айтатын адамды "арабқұл" десек, онда біз автоматты түрде американың муызкасы мен сөздерін қолданатын, американдық болғысы келетін адамды "америкақұл" деп айтуымыз керек ... Сол сияқты "қытайқұл", "түрікқұл", "моңғолқұл" сияқты ұғымдарға да жол ашуымыз керек қой. Әділеттілік үшін.
Қарапайым мысал: Мен Ұлыбританияны жақсы көремін. Ағылшынша білемін. Ағылшын музыкасын тыңдаймын. Ағылшын мәдениетін Қазақстанға келуін аңсаймын. Сонда мен кіммін? - Мен сонда Ағылшынқұлмын ғой. Солай ма? Ал сол сияқты Түркия мәдениетін жақсы көретін, Түрік лицейін бітірген, Түрік тілін жетік меңгерген, Түрік өркениетін жанымен жақсы көретін адамдар "Түрікқұл" болғаны ма?
Сонда әр қазақ бір басқа ұлттың "құлы" ма?
Жалпы "Құлдық" пен жәй ғана сүйсінудің шекарасы қайда өтеді?
Samat Nordman Nurtaza
Фейсбуктегі парақшасынан





