Сонда біздің көксегеніміз соғыс па, төңкеріс пе?

Халқым бұл дұрыс болмады.
Дұрыс болмады, Армияндар мен Әзірбайжандардың соғысына қуанғанымыз. Әзірбайжандар &ldquoмолодец" Армияндарды қырып тастады, Әзірбайжандар мұсылман бауырымыз" деген сияқты сөздер айту. Жалпы әлемде соғыс болмасын.
Дұрыс болмады "Қырғыздар молодец бір күнде-ақ ақ үйін басып алды" деген.
Сонда біздің көксегеніміз соғыс па, төңкеріс пе? Жоқ, бұлардың бәрі қоштайтын нәрсе емес. Қоштамаймын ешқайсында. Қаламаймын соғысты, қаламаймын төңкерісті.
Айтпақшы праймериздеріңнің бәрі жалған, қолдан жасалған дауыс беру, адамды ақымақ көру, көзіңді бақырайтып қойып дауыс жинау, дауыс алғандарда соны біле тұра праймеризге барғандар.
Әділетсіз өмір, әділетсіз күндер, әділетсіз бұл жалған. Ертеме, кешпе, түптің түбінде, бұл ғаламда әділеттік орнайды.
Бейбітшілік заман болады, қой үстіне боз торғай жұмыртқалаған заманның ауылы алыс емес, сен халқым!
фейсбуктегі парақшасынан





