Сонда үкімет басқа ауа жұта ма?

"Ауаға вирус шашты үкімет"! Не деген аңғалмыз... Сонда үкімет басқа ауа жұта ма?
Бізде бағаға контроль жоқ просто! Неге спрос көп болса, соның бағасын шарықтатамыз.
Концертке билет таусылып кетеді. Болатын күні барсаң, алыпсатардың қолында екі есе қымбат бағада!
Гүл бағасы 8 наурыз, 25 мамыр, 1 қыркүйек күндері шарықтайды.
Қой бағасы Құрбан айтта көтеріледі.
Дәріні де дәл солай пандемия кезінде қымбаттатқан - жекеменшік дәріханалар. Мемлекеттік дәріхана дегендерінің " аты" ғана. Олар да бағаны аспаннан бір-ақ шығарды.
Осы вирусты әу бастан "саясат екен, ауылға жетпейді" деп 42500 теңге үшін маска тақпай, ЭЦП іздеп шарлады жұрт, өшіреттерде қырылысты.
Беташар, той-томалақтар да жиілемесе, кемімеді.
Қолды сабындап жуып, масканы тастамай, антисептиктен сеуіп, әлі де жақындарымызға жанашыр болайық.
Паника одан сайын ауырта береді. Аман-есен болайықшы.
.facebook.com парақшасынан





