Шошқа емген қасқыр
Бүгінгі естіген ең сұмдық әңгіме. Бір ағамыз Лондонға барғанында, бір #мосқалдау ағылшын әйелдің қасқырды қарғыбауынан жетелеп жүргенін көріп қалады. Елде қасқыр атып, аң қаққан қазекем, таяп барып, жөн сұраса: "мен, жалғызбасты әйелмін. Қасқырдан энергия алу үшін, зообақтан арнайы келісім-шартқа отырып сатып алғанмын",- деген жауапты естиді. "Қайдағы қасқыр, ағылшынның қолға үйреткені несі?",- дерсіз. Енді, әрмен қарай ерінбей оқыңыз. Дүниені билеген ағылшындар сатылатын бөлтірік дүниеге келісімен анасын иіскетпестен, дереу шошқаға емізіп жібереді. Қасқырдың генін тек шошқаның сүті ғана құртады екен. Шошқа емген бөлтірігің өскен соң, чиxаxуа сияқты мең-зең болып, бөрілігін беріп қоятын көрінеді. "Иә, Құдайым, шошқамен дәмдес болудан және шошқа тәріздес дос-жараннан һәм қолға үйретілген қасқырдан сақта!",-деген Қадыр түнгі тілекпен Maksat ағамыздың шаңырағынан шығып, өз үйіме қарай тарттым.