Сот шешімдері үнемі банк, ломбард секілді олигархияның сойылын соғады

Бүгін кешкілік Ақбұлақ ықшамауданындағы жекеменшік тұрғынүйге сот орындаушысы мен полиция барып, үйдің иелерін шығарып тастамақ болады. Үй иесі 67 жылғы азамат мылтық алып шығып, сот орындаушысын, екі полицияны және Төтенше жағдай жөніндегі мекеме қызметкерін атып тастайды. Барлығы бес адам өлді деп жатыр.
Бір күнде бес, бес емес-ау, алты үйдің бала-шағасы күңіренді де қалды!
Бұл оқиға сот практикасында прецедент ретінде тіркеліп, жекеменшікті заң бойынша тартып алу немесе кәмпескелеудің басқаша жолын қарастыруға түрткі болуы тиіс. Өйткені, "мал ашуы - жан ашуы" деген де бар. Қанша жерден Конституциямыз жекеменшік құқығымызды қорғағанымен, шектеу қойылған мүлікті иесінің қайтадан иеленуіне жол беретін жұмсақ заңдар бізде мүлдем жоқ. Сот шешімдері үнемі банк, ломбард секілді олигархияның сойылын соғады. Әлгі қару ұстаған жігітті ақтамаймын. Бірақ бүкіл өмірін бала-шағасына арнап салған жалғыз үйін бөтен біреулер келіп тартып алса, кімге оңай дейсің?
Құрметті депутаттар!
ҚР сот саласының Әкімшілік істер бойынша процессуалдық Кодекске мүлік иесінің де құқығын қорғайтын бір бап қажет-ақ! Осыны ескерулеріңізді сұраймыз!





