Суреттегідей бақытты емеспіз, түсініспеушілік көп, секс аз

Желіге салынатын суреттердің психологиялық тәржімалары:
- Балалармен мында бардық - Негізі балаларға көп уақытым жоқ, бірақ сондай болып көрінгім келеді;
- Ұшақта отырмын - Негізі көп саяхаттамаймын, мүмкіндік аз, бірақ сондай табысты, көп ұшатын деп ойлаңызшы;
- Ерлі-зайыптылардың бақытты суреті - Негізі суреттегідей бақытты емеспіз, түсініспеушілік көп, секс аз. Бірақ ең интим нәрсенің өзін жария ету арқылы бізді күшті жұп екен деп ойлаңыздаршы;
- Старбакс стаканы - Күнде қымбат кофе ішуге ақша жоқ, бірақ бар екен десінші жұрт, cool болайыншы;
- Жиенмен, бөпемен фото - Жалғыздықтан жалықтым, мен де ана болғым келеді, дайынмын соған. Жігіттер, қайдасыңдар?
- Тренажердамын - Денсаулығым өзім үшін емес, әлбетте тек сіздер үшін!
- Танымалмен фото - Анау-мынау адам емеспін, осындайлармен түсем. Мені құрметтеңдер!
- Қызметпен құттықтау - Мен де осылай көтерілсем ғой немесе маған көмектессе ғой жұмыспен, бәрін мақтауға дайынмын.
Аршат Ораз
facebook.com парақшасынан





