Талай «Алтын белгі» иегерін көз көрді. Қазір солардың қайда жүргендері белгісіз...
«Алтын белгіден» ешкім де қағылмайды!
Фейсбукте кейбіреулер, әдеттегідей, «Ойбай, түлектер «Алтын белгіден» қағылып жатыр» деп аттан салып жатыр екен. Өкініштісі, алдымен мәселенің байыбына барып, ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін түсініп алудың орнына, әдеттегідей, аттанға қиқу қосып жатқандар да болған соң, аз-маз түсіндіре кетсек дейміз:
Алаңдайтын еш негіз жоқ, «Алтын белгіден» ешкім де қағылмайды! Бұл белгіге ие болғандар тек өзге де түлектермен бірдей емтихан тапсырып барып ала алады. Ол үшін өзінің шын мықты, шын білімді екенін дәлелдеуі қажет. Егер «Алтын белгіге» шынымен лайық бала болса, оны қорғап қалуы керек.
Әділетті ме? Әділетті!
Мысалы, бір-екі пәннен «4»-ке шығып қалған түлек экономика, халықаралық қатынастар сынды мамандықтарға оқуға түсе алмайтын. Себебі белгілі, ол мамандықтар «Алтын белгі» иегерлерінен артылмай қалатын еді.
Енді түлектер өзара бәсекелесіп, білімді екендіктерін дәлелдеуге мүмкіндік алып отыр. Мұның несі жаман? Мұның несі сөкеттік? Біздіңше, «Қара аспанды жаудыратындай» ештеңе жоқ секілді. Қайта балаларға зор мүмкіндік беріліп отыр деп есептеу керек!
P.S. Мектепте оқып жүргенде талай «Алтын белгі» иегерін көз көрді. Қазір солардың қайда жүргендері белгісіз... Қайта мектепті 3-ке бітіргендер озып кетті.)
Ғанибет Ғалымбекұлы
Фейсбуктегі парақшасынан