Терлеу керек болса оны айтыңдар. Аптекада терлететін дәрі жоқ...

Баяғы Одақ құлаған кезде, ешқандай дәріханада дәрі болмай қалды ғой. Содан бір кісі,бір аптекаға келсе, дәрінің неше атасы толып тұр дейді. Таң қалып аптекаршадан:
- Қарындас, мынау не деген көп дәрі? Тіпті бұрын атын естімеген дәрілерде бар екен-десе. Аптекарша:
- Ағай, бұдан да көп қылып, толтырып қояр едік. Дәрілерге ат таба алмай жатырмыз-депті...))
Айтайын дегенім: кірпіктен басталған ем. Имбирь, чеснок, дуа болып еді. Қазір ас содасынан басталып, "ана дәріні ішіп жазылдым, мына дәріні ішіп жазылдым" деген, жазбадан көз тұнады.
Мұрын саңғырлап, иіс сезу азайып келеді... Қайсысынан бастайын. Терлеу керек болса оны айтыңдар. Аптекада терлететін дәрі жоқ. Үйде шәй бар,содан бастайын ба? Әлде...әлде бұрыш салып...)
Малик Ораков
Фейсбуктегі парақшасынан





