Титімдей балаларымызға дейін тәртіпке бағынғысы келмейді, "айналып өтудің" жолын біледі

Таңертеңнен кешке дейін аулада адам өріп жүреді. Күніне бірнеше рет полиция көлігі келіп, ескерту жасайды. Сол кезде бәрі зу етіп үйлеріне кіріп кетеді де, кете салысымен қайта шығады. Бүгін шлагбаумнан бері өтпей, ескерту айтты. Полиция көлігінің дабылын ести сала, кейбіреулер тым-тырақай қашты, енді біреулер түк болмағандай жүре берді. Балалар "подъезге, подъезге!" деп жатыр. Бір-екеуі ауладағы сырғанақ, үйшіктердің ішіне тығылып қалды. Титімдей балаларымызға дейін тәртіпке бағынғысы келмейді, "айналып өтудің" жолын біледі. Ал біз "заң мен тәртіп баршаға ортақ болуы керек" деп шырылдаймыз.
Адамның еркіндігі мен бостандығы, демократия деген – өте жақсы және керек құндылық. Бірақ біз сияқты мемлекеттер үшін одан гөрі тәртіп маңыздырақ па деп ойлаймын.
Жұлдыз Әбділда
Фейсбуктегі парақшасынан





