Тоқалы немесе ашынасы бар еркектің қабырғасы түгел болмайды екен

ӨМІРДЕН ҰҚҚАНЫМ...
Тоқалы немесе ашынасы бар еркектің қабырғасы түгел болмайды екен. Адам ата аңнан келсе, Хауа анамыз қызғанып: "Қайдан келдің?", "Не істеп келдің?" – деп тергеуге алатын көрінеді. Адам атамыздың:
– Айналайын, Хауа. Несін қызғанасың? Жер бетінде әйел атаулыдан сен, еркек атаулыдан мен ғана емеспіз бе? – деген уәжіне Хауа анамыз тоқтаса да, күнде таңертең ұйықтап жатқанда, "Алла тағала тағы бір әйелді жаратып қоймады ма екен?" деген күдікпен жалғыз ерінің қабырғасын санап қояды екен.
PS: Құрметті бәйбішелер! Күйеулеріңізді орынсыз қызғана бермей, олардың қабырғасын жатарда бір, таңертең оянғанда бір санап қойыңыздар! Тоқалы немесе ашынасы бар еркектің қабырғасы түгел болмайды екен.
Әсет Әссанди
Фейсбуктегі парақшасынан
Читайте также

Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре

Фанаты "Барыса" получили негативные известия

GTA VI впервые покажут уже в декабре

Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке

"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу

Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу