Түйенің жарты етіндей қалыңдығын көтерем деп күлкі болған күйеулерді де көрді шыққыр көзіміз
ONtoi жұлдыздары #6
Осы күні қыз ұзатуда ұзатылатын қызды күйеуі көтеріп әкетсін деген "дәстүр" шықты. Бұл да шетелге еліктеуден туған болуы керек. Тіпті ұзатылатын қызды ағасы көтеріп әкеліп, жігіттің құшағына өңгеріп бергенді де көргенбіз. Бұл да дүбәра дәстүрдің бірі. Жігіт қалыңдығын аялап өтсін деген тілектен туған-мыш.
Ау, айналайын-ау, аялау басқа, "арқалау" басқа. Тем более жаңа үйленген жігіт белін сақтау керек. Ал, түйенің жарты етіндей қалыңдығын көтерем деп күлкі болған күйеулерді де көрді шыққыр көзіміз.
Бірінші күннен қолыңа көтеріп алсаң, екінші күні точно қалыңдығың секіріп басыңа шығады. Сонда атамыз қазақтың "қатынды бастан" дегені қайда қалды? Ойланыңдар, жігіттер! Аялау мен "арқалауды" шатастырмаңдар!
Ержан Тәліп Дүйсебекұлы
Фейсбуктегі парақшасынан