Түркістанның жігіті сөз салып жүр...

Түркістанның жігіті сөз салып жүр...

Жиырмадан жаңа асқан бір қыз: «Біраз қалаларға барғансың ғой, Түркістанды көрген шығарсың, қандай қала?» – деп сұрады. Енді қазақтың рухани астанасы дейтінін айтып, Яссауиге көшейін деп жатсам: «Жоқ, былай, адамдары, салты, көзқарасы қандай? Жұмыс табу жайы қалай?» – дейді. «Әй, оны неге сұрадың, сол жақта тұрайын деп пе ең?» – дедім. Сөйтсем: «Түркістанның жігіті сөз салып жүр», – дейді қипақтап. Ай, бір күлейін. Зерттеуінің мәнісін түсінгесін: «Қызық екенсің ғой өзі, сен жер таңдама, жар таңда. Жаныңнан жырақтамайтын өз адамыңды тапсаң, Барсакелместің өзі жұмақ боп кетеді. Шешем туған ауылының сайлаған депутаттығын тастап, сор топырақ пен аңызақ желді де Көкем үшін махаббат көріп кеткен», – дедім. Күлімдей басын изеп: «Шынында солай екен-ау...» – деп қояды. Айтпақшы: «Түркістан – күшті қала, ондағы өз ұлтыңның жігіттері онан да күшті!» – дедім ғой солтүстіктің «Сарғалдағына». Мәз боп қалды. 

Айдана Шотбайқызы

Facebook-тегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста