Үй деген мақсат емес қой. Үй деген – құрал ғана.

“Дүние жүзінде “черновая отделка” деген бәлені ешкім түсінбейді. Онда “предчистовая” деген де жоқ.
Тауарға ақша төлеп алдың ба - бітті, ол тұтынуға әбден дайын болу керек. Мысалға көліктің ақшасын төлейсің, кілтін аласың, отырасың да айдап кете бересің. Кейіннен тюнинг жасасаң өз еркің, әрине. Бірақ сосын өзің бірдеме қылып жетілдіріп аласың деп көліктің қаңқасын сатпайды саған ешкім.
Пәтер сатып аласың, кілтін береді саған — болды, бар да тұра бер. Сосын бірдемесін өзгертіп аласың, өзгерткің келсе. Бірақ өзгерткің де келмейді-ау, өйткені ішіндегі мәселенің бәрін оның мамандары - кәсіби дизайнерлер, инженерлер, сәулетшілер шешіп қойған әлдеқашан. Өте сауатты жолмен шешкен, сенің бәрібір ондайға миың да, тәжірибең де, кәсіби білімің де жетпейді. Басыңды ауыртып уақытыңды құртпасаң болады. Өйткені уақыт деген – ең бір құнды зат.
Бізде болса біздің (есенгэның) алаяқ құрылысшылары “черновая отделка” деген амал тауып алған: салған үйлерінен тезірек құтылу үшін. Және олар құлақтан тепкенде қандай - “пәшти бітіп тұр”, “қалғанын өз ыңғайыңа қарай, өзіңнің талғамыңа сай…” - деп.
Сөйтіп қыруар ақшаға баспана сатып аласың, жаның жай тапсын деп. Кірсең - аяғың асты – цемент, қабырға, тас, төбең –бетон. Әр жерден неше түрлі тұрба шошайып тұр. “Баспанаңның” түрі сол. Қайдағы жай тапқан? Ол ақшаға жайлылық емес, бітпейтін бір геморрой сатып алған болып шығасың.
Сосын өйда жұмыстың бәрін тастап дізайныр боласың ба, құрылысшы боласың ба, таңертеңнен кешке дейін шаң жұтып стройкада жүресің бе, базар аралайсың ба… Айнала толған ақшаңды аңдып жүрген сұмырайлар, солардың бәрімен боқтасып шашың ағарады, ол баспанаң кіріп тұруға жарайтындай халге жеткенше. Жетсе жақсы ғой, ақшаң бітіп орта жолда қалып қалсаң да болады, туалетіңді есіктің орнына шүберекпен жауып.
Соңында не үшін соншама тыраштанып артымды жыртып, соншама уақытым мен ақшамды жұмсап, соншама жүйке тоздырдып, денсаулығымды құрттым деген қарапайым ой келеді. Үй деген мақсат емес қой. Үй деген – құрал ғана. Бақытты, жемісті өмір сүрудің құралы”.
facebook.com парақшасынан





