Ұяң қыз көзімен жер шұқыған күйі үзілердей нәзік үнімен "маған пох... й" деді

Ауылда н кеше келген аңқау сіңілім ардың-гүрдің. Кеше телефонмен жігітпен танысып, ешкім үзе қоймаған шиедей ернін тістелеп, найзадай кірпіктері дір-дір етіп жігітпен сөйлесіп отыр. Тым сыпайы, әдепті. Ауылдың ар ибасын бұрымына сіңіріп, талдырмаш тұла бойы гүл аңқып отыр. Трубканың ар жағындағы қу бала әлдене деп әзілдсе, трубканың бержағында алқызыл түске боялған бетін басып, үнсіз ұялғаны қайран, 18-імді еріксіз еске алдырды. Ұяң қыз кенет телефонға "маған пох... й" деді. Мен жүзіне жалт қарадым. Ешқандай ашу ызаның легі байқалмайды. Көзімен жер шұқыған күйі үзілердей нәзік үнімен "маған пох... й" деп тағы айтты. Телефоннан жігіттің қарқ-қарқ күлгені анық естілді. "Ол не деген сөз? " дедім мен әдейі жалма-жан. Үрпиіп қалған елік қыз "маған бәрібір" деген сөз ғой әпке деп қарап отыр... Құдай ұрды, бұл қыздардың аға, әкесі боқтамаса тағы пәле екен ғой...
Куралай Сейсенбеккызы
Фейсбуктегі парақшасынан





