Үйде балаларға қазақша кино көрсетуге кеңес беремін

Үйде балаларға қазақша кино көрсетуге кеңес беремін

Біреулер алаңға шығып қазақ тілі дейді, біреулер Светланаға қазақша сөйле деп ұрсады, енді біреулер әлеуметтік желіде ұрандатады. Иә, барлығының мақсаты қазақ тілін дамытып, жұртты қазақша ойландырып, қазақша түс көруге үйрету. Ниет жақсы. Бірақ қазір құр ұрандату пайда бермейді. Қазір ешкім ұранға еріп, қазақша сөйлеп кетпейді. Сөйлеп кеткендері де жоқ. Біздің ғасыр істің ғасыры. Ұран сөздерді сандыққа салып, қара құлыппен құлттап кілтін қара теңізге лақтыратын заман, қазір. Бүгінде тек іспен ғана жетістікке жетіп, белес бағындырып, жоспарыңды жүзеге асыра аласың. Қазақ тілінің бүгіні мен болашағы үшін уайымдап, шамасы келгенше тірлік істеп жүрген жандар жетерлік. Ал, осы істе «Болашақ» қауымдастығының орны ерекше. Голливуд киноларын қазақшаға аударып, шетел актерларын ана тілімізде сөйлетіп жүр, олар. Бүгінге дейін 14 туындыны дубляждап үлгерді. Қаншама қазаққа өз еліндегі кинотеатрдан өз тілінде кино көрсетуде. Бұл өте үлкен іс. Тарихта қалатын үлкен жоба. Бүгін «Жұлдызды соғыстар: күштің оянуы» киносының көрсетілімі өтті. Орысшасын көрмесең қазақшасын түсінбейтін жылтырақ дүние емес. Өте сауатты. Актерлардың әзілдерін де ана тілімізге келістіріп аударыпты. Ойланбай күлесің. Голливуд киноларын қазақшаға дубляждап жүрген жаны жайсаң жігіттер мен қыздарға алғыс айтқым келеді. Істеріңіз берекелі болсын. Ерінбеңіздер, шаршамаңыздар!
p.s Осы уақытқа дейін қазақшаға дубляждалған кинолардың дискісін сатып алып, үйде балаларға қазақша кино көрсетуге кеңес беремін.

Берік Сұлтан
Facebook-тегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста