Ұл ұядан безіп, қыз қияға қашқан заманға тап болдық ...

Қазақ қыздары түрікке, өзбекке, орысқа, қытайға, кəріске өзге ұлтқа неге ынтық-деп күйініп жатыр жұрт. 25 жылдан бері тəрбиенің ең үлкен құралы телеарналарымыз сол өзге ұлттардың киносын көрсетіп, музыкасын тыңдатып, клиптерін тамашалатып жатыр. Үнді, түрік, қытай, кəрістің ұзын сонар бітпейтін телесериалдарындағы кейіпкерлермен бірге күйіп, бірге сүйіп, жыласа жылап, күлсе қуанып жүрген кейбір қазақтан енді қандай ұлтжандылық күтеміз. Шет елдің киімін киіп, тағамын жеп, сусынын ішіп өзімізде шет елдік болдық, қыздарымыздыңда пиғылы жат жұрттыққа ауып кетті. Баяғыда үлкендеріміз "бұзық болма орысқа беріп жіберем" "ойбай жөйт келе жатыр" - деп қорқытатын. Ұлымызда қызымыздыңда бойында өзге ұлтқа деген іштей қарсы иммунитет бар еді. Бүгінгі таңда бұл иммунитеттің быт-шыты шықты. Ұл ұядан безіп, қыз қияға қашқан заманға тап болдық. Бұның барлығына кінәлі өзіміз.
Нурболат Пиримбет
Фейсбуктегі парақшасынан





