Ұлттың еркектері майдаланған сайын, әйелдері өзге ұлттың қолжаулығына айналады!

Әрбір жылап келген қазақтың әйелін көріп, қазақ ер азаматтарының жоғалып жатқанына көзім жетіп жүр.
Жақында кеңес сұрап бір таныс қыз келді. Күйеуі бұзақылық бабы мен сотталған . Ұрлық жасап, адам ұрып қамалып шыққаны аздай, жұмыс жасауға намыстанады екен. Әйелдің үш баласы бар, балаларын пәтерден, пәтерге көшіп жүріп әрең бағып жүр. Күйеуі түрмеде отырған кезде, “басқа біреуге шықсаң өлтіріп кетем”- деп қорқытқан екен. Ол байғұс соған тамақ тасып, түрмеге барып жүрген. Күйеуі түрмеден шыққан соң, әйелін балаларын бағудың орнына басқа қызға үйленген. Бес жыл жоқ болып кетіп, алимент төлеуден қашып жүрген оңбаған күйеуі жақында қайта оралып, кредит алдырып, тағыда қашып кеткен! "Баларымның әкесі ғой", -деп кешіріп қайта үйіме кіргізген едім, өзім төлеймін, өзім сендерді асыраймын, сүйем күйем"- деп қайта жоғалған! Өз ұрпағын асыраудан қашып, оны асырап отырған ананы кредитке тығып кеткен, қазақтың кейбір сорлы еркектері көбейген заманда, қазақтың қыздары өзге ұлттың қолында кетпегенде қайтсын енді? Дәл осыған ұқсас оқиғамен бесінші әйел шығып жатыр. Бұл нені дәлелдейді? Біздің қазақ жігіттерінің жалқау, жатып ішер намыссыз болып кеткенін дәлелдейді! Әрине көпке топырақ шашпаймын! Бірақ 100% дың , 70% ы дәл осындай намыссыздар!
Қазақ қыздары, гүлдей жайнап жүру керек! Ол үшін көпте керек емес! Ең болмаса туғызып,тастап кеткен балаларыңның алиментін төлеңдер еркектер!
Ұлттың еркектері майдаланған сайын, әйелдері өзге ұлттың қолында қолжаулыққа айналады!
facebook.com парақшасынан





