Ұстаздар болмаса, 7 млрд адам мимен жұмыс істеуді білмей, сандалып жүрер еді

Бірде кітап оқып, ойға шомып отырған ұстазға жолаушы келіпті. Шаршап-шалдыққан жолашы ұстазға қарап, ұзақ үнсіз отырыпты.
- Не қалайсың? - депті ұстаз.
Жолаушы сонда:
- О, Ұлы ұстаз! Мен айлар бойы бір өзіңді іздеп, жол жүрдім. Саған бір ғана сұрағым бар. Адам ең алдымен өзінде нені дамытуы керек? - депті.
- Мен өзім де бұл сұрақтың нақты жауабын білмеймін. Сондықтан үздіксіз оқудамын. Бірақ менің ойымша ол ми болар, - деп жауап қатыпты ұстаз.
- Ұлы ұстаз, неге ми деп ойлайсыз? - деп таңырқапты жолаушы.
- Біріншіден, "Ұлы ұстаз" деп атамаңыз мені. Екіншіден, сен миыңмен ойлағанда, аяғыңды қинап осынша жол жүрмей, хат жазар едің ғой, - деп жауап беріпті)
Егер ұстаздар болмаса, расымен 7 млрд адам мимен жұмыс істеуді білмей, сандалып жүрер еді.
Құрметті ұстаздар, мерекелеріңіз құтты болсын! Денсаулық пен ұзақ ғұмыр тілеймін. Әлемдегі ең қадірлі мамандықтың иегерлері мына сіздер, ең бақытты жандарсыздар деп білем. Мағжан ақын айтқандай, «алты Алаштың игі жақсысы бас қосса, төрдегі орын ұстаздікі".  Қашанда төр сіздердікі. Аман болыңыздар. Нұртілеуше айтқанда, бай-қуатты болыңыздар.
Асхат Қасенғали 
Фейсбуктегі парақшасынан





