"Халқымыз қасық қаны қалғанша жерді қорғайды деп сенемін!"

Ел ішінде “шындық емес, ойдан шығарылған ертегі екен” деп жүрген 28 панфиловшылардың ескерткішін бұзу туралы сөздер шығуда. Меніңше, алып ескерткішті бұзудың қажеті жоқ… Тек политрук Клочковтың “Ресей кең байтақ, бірақ шегінерге жер жоқ – артымызда Москва”-деп айтты деген сөзін ауыстыру керек. Ол жерге “ҚАЗАҚ ЕЛІ КЕҢ БАЙТАҚ! БІРАҚ ҚАРЫС ҚАДАМ ЖЕР ЖОҚ – САТЫЛМАЙДЫ ДА, ЖАЛҒА ДА БЕРІЛМЕЙДІ!”-деп жазып қою керек. Бұл сөз біздің билікке ұнамаса, билік қос қолдап қолдауы тиіс екінші нұсқадағы сөзді жазайық. Ол Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың жер сатуға қарсы шыққан митингішілерге арнап айтқан әйгілі: “ХАЛҚЫМЫЗ ҚАСЫҚ ҚАНЫ ҚАЛҒАНША ЖЕРДІ ҚОРҒАЙДЫ ДЕП СЕНЕМІН!”-деген қанатты сөзі. Билік Президенттің бұл сөзіне қарсы шығып көрсін…
Қазыбек ИСА
Facebook-тегі парақшасынан





