Халқыңды кредитке, жастардың санасын қалаулымға улап,...

Мына жастар түнімен тырқылдап ұйқымды бұзды. Таңата жатып, жұмыстан кешіктім. Бір-бірімізге зиян келтіру әйтеуір. Екі бала, екі қыз. Анадан туған ғой деп бет жүзін жаптым.
ҰСЫНЫС
Университет студенттерді, мектеп оқушыларды аула тазалайтын фирмаларға саяхаттап тұрса екен. Көрсін қоқыстың арасында ата-анасындай үлкен кісілердің қаланы қоқыстан қалай тазалап жүргенін. Үстеріне формасын кигізіп, қолдарына сыпырғы беріп, қоқыс салған қапты арқалатып сезіндіріп көрсету керек.
Бұл жазалау емес, тәрбие. Адам болыңдар, Отанға патриот болыңдар деп құр сөзбен көпіре бергенше іспен тәжірибе алмастыру керек.
Әй, қайдам жасай алмайсыңдар-ау. Өйткені халқыңды кредитке, жастардың санасын қалаулымға улап, өз күніңді өзің көр деп мемлекетті жемқорлықпен быт-шытын шығарған сасық саясат ал енді атаңның басы игер жастарды.
Кенже Жанбуршина
Фейсбуктегі парақшасынан





