Халыққа жандары ашыса Қазақстанға келіп, содан соң айтсын ақылдарын

Халыққа жандары ашыса Қазақстанға келіп, содан соң айтсын ақылдарын

Кейбір жерлестеріміз Америкада жүріп бізге ақыл айтатын болыпты былай істеңдер, былай істемеңдер деп.

 

Біріншіден, елге, халыққа жандары ашыса Қазақстанға келіп, біз сүріп жатқан өмірді сүріп, содан соң айтсын ақылдарын арамызда жүріп.

 

Екіншіден, Қазақстанның Америка емес екенін, біздің ешкімнің жерін басып алып мемлекет орнатпағанымызды, мыңдаған жылдар бойы ата-бабаларымыз мекен еткен тарихи отанымызда тұрып жатқанымызды, америкалық деген ұлт жоқ екенін, ол континенттің атауы екенін және қырық рудан тұратын олардың демократияларының бізге сәйкеспейтінін, менталитетіміздің бөлек екенін, көптеген халықтың ол елге ақша табу үшін баратынын, содан іштері майланған соң аяқ астынан демократ болып шыға келетіндерін көкірегі ояу азаматтар түсінуі тиіс.

 

Ол елде идеология күшті, кез-келген адамның миын айналдырып жібереді. Сондықтан әлі өмірлік көзқарастары қалыптасып үлгірмеген жастар байлыққа мастанған жұртты көргенде көздерін жұмып, ауыздарын ашады, ертегіге иланады. Шет жағасын сол елде болғанда өзіміз де көргенбіз, шындықты естігенбіз сонда тұратын азаматтың аузынан.

 

Рас бізге заң үстемдігі, әділдік ауадай қажет. Бірақ бұл тұрғыда да Америкадан емес, Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай сияқты азиялық елдерден үлгі алған дұрыс. Бүгінде бұл елдерде тәртіп те, технология да бар.

 

Қазақстанда қазақ деген ғана ұлт бар, басқалар диаспоралар деп шулап жатамыз. Ал Америка туралы олай айта алмаймыз, өйткені онда азаматтық алған кез-келген адам америкалық болып шығады.

 

Мен бұл жерде құл ұстаудың, қара нәсілділерді кемсітушіліктің сол елде болғанын, ЛГБТ  сияқты адамзатты аздыруға бағытталған әрекеттердің сол елден бастау алатынын, онда бірінші орында байлық, яғни ақша тұратынын, өзгелерді сонысымен қызықтыратынын айтып та отырған жоқпын. Демек біз ешқашан америкалық бола алмаймыз және болудың қажеті де жоқ.

 

Әр ұлттың өз жолы болуы тиіс. Сондықтан не болса соған еліктеуді қойып өз жолымызды табуымыз керек. Ол жол көшеге шығып ұрандату емес, қатаң тәртіпке негізделген адал еңбек жолы болуы тиіс.

 

Оның үлгісін ең алдымен өзіміз көрсетіп, билікті бұзатын өзіміз болғандықтан пара беруді, жағымпаздықты, атаққұмарлықты, жеңіл пайда жолын ойлауды тоқтатып, биліктен де соны талап етуіміз керек.

 

Келер ұрпақ, яғни бүгінде өзіміз тәрбиелеп өсіріп жатқан балаларымыз бен немерелеріміз үшін де қажеті сол. Сонда ғана олар ертең біздің бетімізге қарап тұрып босқа улап-шулап жүріп түк бітірмепсіздер ғой, қайда  салып берген жолдарыңыз, тындырған сапалы істеріңіз, орнатқан өркениетті қоғамдарыңыз деп бізді ұялтпайтын болады

 

 

Сейфолла Шайынғазы

Фейсбуктегі парақшасынан

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста