Халықтың қалтасын қағып қалудан аулақ болыңыздаршы!

Көпке топырақ шашудан аулақпын, дегенмен, кейбір дәріхана иелері мен азық-түлік сататын саудагерлер ойына келген бағаны белгілеуде.
Осындай адамзатқа ортақ тажал келген тұста, мұқтаж адамдардың қалін ойламай, өзінің де сондай күйге душар болып қалуының мүмкін екенін ескермей, тойымсыздық пен дүниеқоңыздыққа жол бергендері кім-кімді болмасын қынжылтады.
«Адамның құлқы түзелмей, өмірдің құлпы түзелмейді» деген дана сөз бар.
Жалпы бұл әдет - рухани кедейшіліктен адамдардың пейілі бұзылып, ашкөздік әдетке айналып бара жатқан мемлекеттік деңгейдегі қоғамның ортақ дерті. Бұл бөлек әңгіме.
Ал, қазір, коронавирустің дендеуі мен доллар бағамының қос бүйірден қысқан уақытында халықтың қалтасын қағып қалудан аулақ болыңыздаршы!
Абай: «Пайда ойлама, ар ойла...» - дейді.
Қанағатшылдық — адамдықтық пен парасаттылықтың белгісі екенін ұмытпауымыз керек.
Жаратқан бәрімізге сабыр берсін!
Төрт көзіміз түгел болып, бұл қиыншылықтан бірге шығайық.
Ерлан Жұрынбаев
Фейсбуктегі парақшасынан





