Халықтың қамын ойлайтын емес, халықты қанаушы тапқа айналды...

«Несие толық кешіріледі! Назарбаев пен Тоқаевқа халық талабын орындатамыз!» деп аттандап жатқандардың қылығын түсінбедім. Несиені де төлей алатын адам ғана алады. Кредит ала алмай жүрген қаншама адам бар ғой, соларды ойлау керек алдымен. Олар неге ала алмай жүр, не кедергі? Осы жағына көңіл бөлген дұрыс. Соңғы шыққан Айфонды жанталасып жүріп кредитке алып алғандар бар, сонда оны да мемлекет төлеп беруі керек пе? Адам деген кішкене ойланып сөйлеуі керек қой. Халық қазір кредитті жабудан қиындық көріп жатқан жоқ, 200 мың теңгенің үстінен 200 мың теңгедей қосып төлетіп жатқан банктердің өсімқорлығынан көбірек қиналып жатыр. Несие беретін банктердің процентін азайтатындай жаңа кредиттік жүйе, жаңа реформа керек бұл салаға. Қазір біздің банктеріміз қиналып келіп кредит алатындардың қалтасын қағып, соңғы тиынына дейін санап алады. Халықтың қамын ойлайтын емес, халықты қанаушы тапқа айналды...
Жолымбет Мәкіш
Фейсбуктегі парақшасынан





