Ықылым заманнан жастарға көңілі толмау үрдісі қанға сіңіп кеткен ғой бізде

"Осы қазіргі жастар кітап оқымайды" - деп жастарға наразы болып жатамыз ғой. Ықылым заманнан жастарға көңілі толмау үрдісі қанға сіңіп кеткен ғой бізде. Тас дәуірінің өзінде ата-бабаларымыз түңілген екен: "Жастар бұзылып барады. Заман не боп барады?" деп. Адам мен Хауа да балаларына көңілі толмай, талай түнді уайыммен ұйқысыз атырған шығар-ау.
Айтайын дегенім, бүгінгі жастар да кейінірек: "Осы күнгі жастардың телефон шұқығанын көрмейсің? Біз ғой күндіз-түні фыбыда, вконтактеде отырып елдің жағдайын, жұлдыздардың не ішіп-жегенін талқылайтын едік. Қазіргі жастардың құлағында бір-бір наушник. Естімейді, көрмейді. Заман не боп барады?" деп жастарды күстаналап, заманға бар бәлені жауып қойып отыратын шығар да...
Ержан Тәліп
Фейсбуктегі парақшасынан





