Жалаңаш қыздардың жарнамасы... Құл-құтандар құтырған заман болды

Жалаңаш қыздардың жарнамасы... Құл-құтандар құтырған заман болды

Бәріңіз көрген шығарсыздар, Ақтауда жартылай жалаңаш қыздардың "көлік жуушы" қызметінде эротикалық қимыл-қозғалыста "жұмыс жасап", әлгі салонға жарнамаға түсіп тұрған видеолар әлеуметтік желілер арқылы тарап кетті. Халық бұған ашынулы. Білем, бұл қара пиар үшін жасалған дүние. Менің бұл ашулы постым да олардың пайдасына шешілуі мүмкін. Ашық нарықта жеке кәсібін жарнамалап, клиент көбейту үшін бизнесмендер бәріне баратынын біліп болдық. Бірақ ақшадан да жоғары, пайдадан да құнды нәрсе бар еді ғой. Намысты жиып қойып, табысты еселегеннің шығыны да одан артық болмаса, кем болмайды. Тіпті осы дүниенің өзінде. Ал, мына жарымжан жарнамада не жаңалық бар?! Онсыз да барлық жерде жалаңаш қыз-келіншектер. Жағалауға барсаң, бұдан да зорын көресің.
Супер маркетте тыржалаңаш жүрсең, қалағаныңша тегін тауар беретін акция, шаштаразда жалаңаш қыздар шашыңды қиятын салондар онсыз да халықты әрі кетсе, бір апта дүрліктірді де қойды. Қазір ақпарат көп. Бұл да күні ертең ұмытылады да кетеді. Бірақ осылай арзан жарнама жасаушылар кейін өздері де ұялатын болады. Мына сайқалдарды бір рет тергесе, ана кәсіпкерді де қаттырақ "қысыңқырап" жіберсе, видеоға түсіруші жарнамашыл жігітке жолда кездесіп қалғандар жұдырығын иіскетіп қойса артық болмас еді-ау. Осының бәрі идеология жоқтықтан. Идеяның тапшылығынан. Көркем ойдың жұтаңдығынан, тоқырауынан деп білемін. Ішкі саясат, ішкі істер департаменті дегендер осы бағытта жұмыс жасаса, мұндайлардың алдын алуға да болар еді. Әлі де кеш емес. Кейінгілерге сабақ, бұларға жаза ретінде қатаң шара қолдану керек. Қоғам соны талап етеді. Тіпті кәсібін пайдаланып, теріс бағытта жұмыс жүргізгені үшін көлік жуу салонын жаптырып тастау керек!
Айтпақшы, бұған дейін Ақтау туралы ролик түсіріп, арасында: "Ақтаулық азаматтардың 80%-ы вахтада жұмыс жасайды, ал 20%-ы олардың әйелдерін пайдаланады", - деп елдің ашуын туғызған Даулетов Арсен деген жігіт бұл жолы да өршелене, клиент қандай тапсырыс берсе де түсіре беремін деп отыр. Әлгі 80% вахташылардың бірі оның өзінің келіншегіне (апасына, қарындасына) барып, онысын видеоға түсіруге тапсырыс берсе де қарсы емес шығар. Как говорится, "Клиент всегда прав!"
Баяғы дала заңы болғанда, мұндай қарабеттер осы жасына дейін өмір сүре алмас та еді. Амал не, құл-құтандар құтырған заман болды. Ендігісі - арнайы органдар үшін сын...
Құрманбек, сенен жауап күтемін.

Берік Дауенов
Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста