Жалғыз қатыны барлар қайттік? Мынау қиын болды-ау...
- Ибн Сина: "Кімді кімнің жалғыз әйелі болса, оның денесі мен денсаулығына сынақ келіп, жігіттің шағында кәрілік келеді, арқасы, желкесі және буындары ауыратын болып, жүзінен нұры кетіп, көп шағымдана беретін болады".
- Қади ибн Абимасғуд: "Жалғыз қатыны бар адам Қазы болуға, адамдардың арасында үкім жүргізуге жарамайды".
- Ибн Хаян әл-Таухиди: "Менің заманымда бір қауым болатын – бір ғана әйелі бар еркектерді өздерімен отырзбайтын, оларды адамдардың ең сорлысы санайтын".
- Ибн Халдун: "Құрып кеткен халықтарға назар салдым (не үшін олай болғанын зерттедім) – сөйтіп, олардың тек бір ғана әйел алуға дағдыланғанын байқадым".
- Сахиб ибн Аббад: "Атақты адамдарды көрдім, олар: бір кісі дүниеден өтті, оның астында мынадай әйелдері болған деп, санап шығатын. Ал егер жалғыз әйелі бар кісі дүниеден өтсе: ол дүниеден өтті де үстінде жүретін бір қатыны қалды дейтін".
- Әл-Абид ибн Мисар: "жалғыз қатыны бар еркектің құлшылығы түзу боламайды".
- Мамун ибн Харун Аррашидке: Басра қаласында бір қауым бар, олардың еркектері бір ғана әйел алады екен деген кезде, Мамун: "Олар еркек емес, еркекті еркек қылатын – оның әйелдері. Ал жоғарыдағы адамдар сүннетке және табиғи адам болмысына қайшы келгендер".
- Ибн Юнус әл-Музниден сұраған екен: Не үшін яһудилер мен христиандар бір ғана әйелге үйленеді деп, сонда Ибн Юнус: Олар Алланың ашуына ұшырап, пешенелеріне бейшаралық пен қорлық жазылған қауым – деп жауап берген.
- Әбу Мағруф әл-Курхиге сұрақ қойылыпты: Бір ғана қатынға үйленіп, тақуалық етемін деген кісілердің үкімі қандай?, сонда ол кісі: ешбір үкім жоқ. Олар жындылар. Қанша тақуалық етсе де Абу Бакр, Омар, Осман және Алидің тырнақ кіріне де татымайды – деп жауап берген.
- Ибн Файяд деген ғалым жалғыз қатыны бар еркектер жайында сұралғанда "олар – жеп, ішіп, тыныс алып жүрген өліктер" – деп жауап берген.
- Тақиюддин әл-Музни Самарқанд қаласына Шариғи үкімші ретінде барған кезінде, оған: мына жердің халқында еркектері бір ғана қатынға үйленеді деп айтылған. Сонда әл-Музни: Олар мұсылмандар ма өзі?-деп күмәнданған екен. Сосын уағыз жүргізіп, оларды тура жолға салып, бір ай өтпей 3000 неке қиған екен. Қаланың барлық қыздары да жесірлері де күйеуге шыққан екен.
- Ибн әл-Қаюм: "Жалғыз қатын алу тек үш адамға ғана рұқсат: білім ізденуші, құл және көп сапарға (жолға) шығушы".
- Имам әл-Хасри айтады: "Алла тағала құранда үйлену туралы айтқанда: екеуден, үшеуден, төртеуден деген, бір әйел туралы айтпаған. Өйткені жалғыз қатын алу еркектердің толыққандылығына және кәмілдігіне нұқсан келтіреді"
Ерлан Төлеутай
Фейсбуктегі парақшасынан
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу