Жаман әйел қайдан шығады?!

Екі баламен үйге әрең жеттім ТАКСИМЕН. Мықшың-мықшың, терлеп-тепшіп өз қабатымызға әупіремдеп көтерілдік. Сосын үйдің тірлігі табалдырықтан-ақ басталып кетті. Әйтеуір, сөз түсінетін ешкім жоқ үйде. Әйтпесе, біреу бірнәрсе десе, атылайын деп тұрмын)))
ШҮКІР!!! Бұл менің бір күнім ғана. Негізі жағдайым көп келіншекке қарағанда әлдеқайда шүкір. Тұрмыс, бала, оған қоса жоқшылық, таршылық қолын байлап отырғандар қаншама? Күйеулері күң болып жүрген келіншектерінің көңілін ауламақ түгілі отбасын қарапайым қажеттіліктермен қамтамасыз ете алмай отырғандар қаншама?! Күйіп кетуге болады! Әйелді тұрмыс, қиындық күнде бірте-бірте шетінен мүжіп бүлдіреді. Бұл қалыпты жағдай! Жүз жерден пысық, жүз жерден дана болсын періште кейпінде сақталу мүмкін емес. Жасын алып кел, басқасын алып кел бәрібір. Үлпілдетіп, гүл етіп ұстай алсаң ғана қыз кезіндегідей жап-жақсы, әп-әдемі келіншектің бетіне қарап отырып, рахаттанып шай ішесің (Барлығы ерге байланысты болып шықты).
Динара БОЛАТ,
Facebook-тегі парақшасынан





