«Жаманның сөзі көп, олар бақытты екенін де сезбейді, бағалауға уақыты жоқ...» деді

«Жаманның сөзі көп, олар бақытты екенін де сезбейді, бағалауға уақыты жоқ...» деді

Ақын - ғұмыр.
Өмір ғой... Кімнің кім екенін біле бермейсің, жайшылықта.
Зуылдап, жүйткіген уақыт. Қу тіршілік мойын бұрғызбайды, түкке.
Көк базар. Көңілсіздеу едім, сол күні. Арбакеш аға: "қызым, беліңе күш түседі, сала ғой жүгіңді" деді. Жалт қарадым. Бұндай мейірімді сағынып қалған екенмін...
"Жо-жоқ аға, рахмет, әлі алатын зат көп".
"Әкел деймін, ақша алмаймын". Әңгіме ақшада емес, жасы алпысты алқымдап қалған кісіні аядым.
"Жә, жарайды аға, салыңыз арбаңызға" дедім. Жарты сағат бойы жанымда жүрді. Көкөніс сататын қасы-көзін қалыңдау ғып бояп алған апайдан алма, қияр алып тұрып, ебедейсіздеу қимылыммен "қыздың жиған жүгіндей" тізіп қойған алмасын шашып алдым. "Көзіңе қарамайсың ба? Алғаның анау, қанша нәрсені бүлдірдің". "Апай, кешіре гөріңіз, байқаусызда..." деп, шашылған алманы жинай бастадым. Арбакеш аға да отыра қап алма жинауға кірісіп кетті. "Шікірейіп келесіңдер де зияндарыңды тигізіп өте шығасыңдар, елки!" деп, сатушы әйел тоқтар емес. "Әй, айналайын, қойсаңшы. Дүниені тіреп тұрсаң да, әдейі жасамағанын айтты ғой" деді. Жүрегім дүрсілдеп кетті. "Аға, сіз қандай адамсыз, Құдай-ау!"
Алмасын жинап бердік, екеулеп. "Көңіліңді бұзба, жарқыным. Бұл базар ғой... Жақсы адам бақытқа бақыт қосады, бақытсызға медет болады. Ал, жәманның сөзі көп, олар бақытты екенін де сезбейді, бағалауға уақыты жоқ..." деді шапаныма жабысып қалған жапырақты алып жатып... Еріксіз жылап жібердім. "Тоқтаңыз, Сіз кімсіз? Жаңағы сөзді қайталаңызшы..." дедім, қолынан ұстап.
"Әй, қайтесің оны қызым. Мен бір қуанышынан өкініші, шаттығынан мұңы көп, "базардан" жылап кетіп бара жатқан біреумін... Сендер өкінбеңдер..." деді. Алатын затымды ұмыттым. "Шай ішейікші, аға". Өзі түстенетін бір шайханаға алып барды. Әңгімелестік. Хабарыма кейіпкер болыңызшы деп ем, "оның қажеті қанша?" деп мырс етті. "Сіздей адам өмірдің жақсылығын көп көру керек, аға..." деп, кібіртіктедім.
"Менің өмірім жазып та, айтып та тауыса алмайтын шығарма, құлыным..." деді. Құлыным! Қандай аяулы сөз еді! "Аға, мамандығыңызды айтыңызшы, сіз тегін адам емессіз!". "Ақынмын. Өлең ғой, жанымды жеп жүрген... Өлеңім тағдырыма айналып кетті... Тіршілікке икемсіз болған өзіме де обал жоқ. Өлең қайда, мен қайда?!" деді де, темекісін тұтатты...
"Е, бәсе, жүрек бөлек..."
Ақша ұсындым. "Жаныңды ұғар адам таппайсың, мына жерде... Ақша бермей-ақ қой...". "Аман болыңыз, аға. Сіздей адамдар керек, бізге...".

Алия Кудайбергенова
Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста