Жақсы ниетпен айтса да, қазақ қызын тауарға, маркерге теңеу дұрыс емес

Жақсы ниетпен айтса да, қазақ қызын тауарға, маркерге теңеу дұрыс емес

«Маркер», «тауар» немесе қазақ қоғамындағы қыздың рөлі жайында (қазір қыздар талайтын шығар)

Бүгінгі таңда қазақ қоғамы қыз тәрбиесінде екі түрлі пікірде. Біріншісі теріс діни көзқарас, екіншісі батыстық көзқарас. Екі топтың да өзіндік үгіт-насихаттары бар. Теріс діни көзқарастың басым бөлігін бұрмаланған діни ағымдардың уағызшылары әкелуде. Ал Батыстық қоғамның үгіт-насихаты фильмдер, клиптер мен түрлі бағдарламалар арқылы жүруде. Бұл тек қана қыз баласының қоғамдағы рөліне қатысты емес, жалпы екі түрлі өркениеттің тәуелсіздік алғаннан кейін бізге қатты еніп бара жатуынан. Екі өркениеттің ұсынған көзқарастары қоғамда енді қақтығыс нүктелерін туындатып жатыр. Талдап көруге тырысайын.

Ортодoксальды көзқарастағы діншілдер, яғни бұрмаланған діни ағымды ұстанушылар мен солардың айтқанына жастықтың легімен, яки надандықтың негізімен еріп кеткендер қыз баланы ер баладан төмен санайды. Қыздың бар мақсаты яғни өмірге келген миссиясы «бала табу» деп түсінеді. «Қыз үйден шықпау керек, қыз оқымауы тиіс, қыз ерте тұрмысқа шығып, бала табуы міндетті» дейді. Қыздың бар мақсаты күйеуінің айтқанын орындап, айдағанына жүру, бұйырғанына көну, ақырғанына сену деп мыжиды. Былайша айтқанда оларды адам құқығы, әйелдің ішкі жан дүниесі, сезімі, арманы мен мақсаты, көңіл-күйі мүлде қызықтырмайды. Неге? Өйткені қыз олардың көзқарасында бір саты төмен. Соны таңның атысы, күннің батысы өз атын өзі шақырған көкек сияқты қайталай береді, қайталай береді.

Екінші көзқарастағылар, яғни әсіребатысшылдар тобы мүлде қарама-қайшы көзқараста. Олардың идеясы дұрыс болып көрінгенімен, көбіне астарлап қарасаңыз мынандай көзқарасты байқауға болады. Яғни былай насихаттайды: «Сен күйеуіңе тамақ жасауға тиіс емессің, қолы бар ма, жасасын өзі», «Сен бала табуға тиіс емессің, бір балаға кемі төрт жыл кетеді. Оны тоғыз ай көтеріп, үш жыл бағасың, қой айналайын, оданда бала асырап алыңдар, болмай жатса ит асырап алыңдар», «Сен күйеуіңді тыңдауға тиіс емессің, сен өз еркің өзіңде», «Ажырасудан қорықпа, а десе, мә де» деген сынды идеяны ұсынады. Оны бірақ көбісі ұға бермейді. «Әйелге қатысты демократия» деген осы деп түсінеді.

Ал шын мәніде қалай болуы керек? Менің түсінігімде екеуі де емес. Өйткені біреуі әйелдің орны тек ошақ басы деп санаға сіңірсе, екіншісі керісінше наисхаттайды. Алайда қазақ қыздары мен әйелдерінің бойында Батыстың да, діни шығыстың да қыздары мен әйелдерінің қолынан келе бермейтін қасиет бар ғой. Бар.

Қазақ халқы қыз баланы ерекше құрметтеген. Қыздың орны ошақтың басында ғана деп түсінбеген. Сол себепті де тарихта Домалақ ана, Қызай Ана, Жанат Ана, Қарқабат Ана, Момын Ана, Алтыншаш Ана, Әлпеш Ана, Мұрын Ана, Айсары және Таңсұлу, Айтолқын Ару, Ақбикеш пен Мақпал, Бопай ханым (Әбілхайыр ханның жары), Айша бибі, Қарашаш ана, Бабаджа хатун, Рабиа Сұлтан бегім, Қарашаш сұлу сынды қазақ қыздары қалған. Көсеу ұстап, от көсеумен, бала табумен ғана өмірі өтсе, онда бұл аналарымыз тарихта қалмас еді. Керек уақытта атқа қонып, атой салған. Мысалы Түркістанды қорғаған Гауһар батыр, Қабанбайдың қызы Назым батыр, Мұстафа Шоқайдың әжесі Бақты батыр, Есет батырдың қызы Ботагөз батыр, Бұланбай батырдың жары Айбике батыр, жоңғар қолын тоқтатқан Ақбикеш батыр, Кенесарының қарындасы Бопай ханшайымды қалай ұмытамыз. Ғылым мен білімде де қазақ қыздары топ жарып, ақындық пен спортта да алда.

Сондықтан қоғамда қазақ қызының деңгейіне қатысты тым батысшыл, тым шығысшыл (әсіре діни) көзқарастың болғаны қынжылтады. Екеуіне де қатысы жоқ, нағыз қазақтың көзқарасына сай ұстаным қайда қалды?
Біз бүгінгі күні Қазақ қызы аяулы жар, ардақты ана, қоғамда маңызды рөл атқаратын тұлға, жау тисе қарсы тұратын батыр, ерін құрметтейтін, отбасының беріктігін ұстайтын кемеңгер, экономикаға орасан үлес қосатын іскер жан екенін түсінуіміз керек. Жақсы ниетпен айтса да, қазақ қызын тауарға, маркерге теңеу дұрыс емес. Бұл адамзат тарихындағы ең сәтсіз салыстыру.

Орта ғасырды аңсап, қызды қара жамылдырып, сәті келсе таспен ұрып өлтіруді аңсайтын әсіредіншілдер мен отбасылық хаосты туындататын әсіребатысшылдықтың бізге керегі шамалы. Келіспеуге құқылысыз!

Асхат Қасенғали
Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста