Жаратушыны тану – әр адамның өз ісі

Бір шекте отырғанда молда уағыз оқыды. Алланың бар екенін ақиқат ететін жайттарды тізіп, біраз әңгіме айтты. Білімі кеңестің онжылдығы төңірегінде. Ол: - Мысалы, жүзім неге осылай жаратылды дейсіз? Көлемі неге қауындай болмады? Дәмі неге ерекше? Адамға иіс сездіріп, дәм білдіріп, дауыс естітті. Мұрынды осы жерге, көзді осы араға... Осының барлығы Алланың ісі. Ғайыптан ештеңе пайда болмайды, барлығын Алла жасап отыр. - дегендей ұзақ сонар уағызды отырған бір ақсақал тоқтатты. Құрбан айт алдында әруақ құрметіне құдайытамақ беріліп отырғанда осы уағызды әркім өзінше түсінген шығар. Молданың уәжі: - Мен сіздерге Алланы танысын деп отырмын! - деген сөз болды. Сонда әлгі ақсақал: - Мен Исламды құрмет тұтам, бірақ ежелгі ата-баба сыйынған Тәңір менің жаныма жақын! - деді. Осыған орай соңырада өткен бір жиында барша имамдар жиналғанды. Дін істері жөніндегі мемқызметкерлер де бар. Сонда мен: - Мұсылман болу дегенді аса құрмет көремін! Бірақ сол әдет-салтын көшіріп отырған араптарыңның арасына барып "Мен мұсылманмын!" десең, ол сұрауы мүмкін: "Қайсысың?" деп. Сунит болсаң, кездескен Шейт бауыздай салады. - дедім.
Жаратушыны тану әр адамның өз ісі. Құдай атынан сөйлеуге ешкімге құқық берілмеген. Кезінде Абайын танымаған қазаққа енді Заманын танымады деп кейуге болмас...
facebook.com парақшасынан





