ЖАРТЫКЕШ ДЕПУТАТТАР, ЖАРТЫКЕШ ӘКІМДЕР - ЖАРТЫКЕШ МЕМЛЕКЕТ...

ЖАРТЫКЕШ ДЕПУТАТТАР, ЖАРТЫКЕШ ӘКІМДЕР - ЖАРТЫКЕШ МЕМЛЕКЕТ...
"...Әрине, арамызда әртүрлі ойын-сауық іс-шараларында фонограмманы қолдануға мүлдем тыйым салайық деушілер де болды. Біз, депутаттар, осы мәселені жан-жақты талқылай келе және өнер адамдарының пікірлерін (?) де ескере отырып, фонограмма турасында оңтайлы шешімге келген сияқтымыз". (Кәрібай Мұсырман, ҚР Мәжілісінің депутаты).
Е-е, сонда Ресейден бастап фонограммаға тыйым салған елдердің бәрінің депутаттары "өнер адамдарының пікірлерін" ескермейтін, "мәселені жан-жақты талқылай" алмайтын, соның салдарынан "оңтайлы шешімге" келе алмайтындар екен ғой?..
Баяғыда жартыкеш шешім қабылдаумен аты шыққан жалтақ Горбачев реформа жасаудың орнына мемлекетті қиратып тынып еді, біздің жартыкештер де елімізге соның кебін құштырмаса болар еді.
Бір Алла, өзің жар бола көр қазағыңа!..
Өмірзақ Ақжігіт
Фейсбуктегі парақшасынан





