Жас буынды имандылыққа баулудың жалғыз жолы орза тұту ма?

Жас буынды имандылыққа баулудың жалғыз жолы орза тұту ма?

12 жасар мектеп оқушысы оразадан не түсінеді? Еліктегенге солықтағаны болмаса.
Көршінің өзімен бірге ойнайтын баласы ораза ұстады, мен де ұстаймын деп, бір туысымның бесінші сыныптағы баласы әке-шешесіне бой бермей ауыз бекіткен екен. Бір апта өткенде асқазаны бүріп ауырып, аузын ашып жіберуге тура келіпті.
Жас буынды имандылыққа баулудың жалғыз жолы орза тұту ма? Жарайды, ата-анасы өлгенде көрген жалғыз баласының еркелігін көтеруге мәжбүр болды делік. Мектеп мұғалімдері неге оң-солын танып үлгермеген оқушыларға түсінік жұмысын жүргізбейді? Әрі-беріден кейін, неге тиым салмайды?
Елді қымбатшылық жайлаған. Жалпақ жұрттың ақ майы аузынан ағып, қағанағы қарқ, сағанағы сарқ болып отырмағанын көзі бар жан көріп отыр. Жұрт жарымқұрсақ. Толыққанды тамақтануға мүмкіншілігі жоқ.
Балалар болса, құрғақ тағамдар мен зиянды сусындарды жиі пайдаланады. Көбісінің асқазанында ақау бар.
Қала берді, ұйқысы қанбай, қарны ашып, шөлден ерні кеберсіп отырған баланың миына қайбір сабақ қонып жарытады?
Оразамен ойнама, ол баланың ойыншығы емес деп отырушы еді әкем марқұм. Рамазан айы басталар алдында құнарлы тағамдарын дайындап, ауыз бекіткенде ағзаға түсетін физикалық салмақты азайту үшін кейбір бітпеген істерін тындырып, моральдік тұрғыдан өздерін жақсылап дайындаушы еді. Ораза кезінде сәл дауыс көтерген адамның қасынан "мен оразамын" деп, теріс бұрылып кететіні әлі көзалдымда.
Қазір ше? Ораза ойыншыққа айналғандай. Ауыз бекіткен үлкен де, кіші де аузына келгенін айтып, оңды-солды орағытып шапқылап жүр. Әйтеуір тамақтан тиылса жеткілікті секілді.
Басқа былай тұрсын, әлеуметтік желілерге көз жүгіртіп көрейікші. Бірімен-бірі тартысқан, ерегіскен, егескен, бірін-бірі жерден алып жерге салған жұрт. Солардың көбісінің аузы берік екеніне күмәнім жоқ.
Ал ана қолдарындағы гаджеттерінен небір сұмдықтарға күнде үңіліп отырған балалардың жан дүниесі рамазан айында аяқ астынан айрандай ұйып, жібектей жіби қалады дегенге кім сенеді? Ақыл-есі толық қалыптасып үлгермеген бала оразаны қадір тұтқанына емес, ауызашарға шақырылып, өз қадірінің артқанына мәз. Күнде қолы жете бермейтін дәмді-тәттіге бір күн болса да тойғанына мәз.
Әсіре қызыл тез оңар дейді қазақ. Құранның өзінде: "дінде әсте-әсте болыңдар" деген сөз бар. Діндегі фанатизм, соқыр сенім ешкімге абырой әпермеген.

фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста