Жастар бірнеше қатын алып, бірнеше байға тигендердің сұхбатын көріп, кітабын оқып жүр

Құндылықты жастардың бойына кім қалыптастырады? Оны бірінші ата ана, екінші қоғамдағы бетке ұстар тұлғалар қалыптастырады.
Ол мектептегі мұғалімнен бастап президентке дейін. Біздің жастарымыз не көріп жатыр ажырасқандардың, бірнеше қатын алып, бірнеше байға тигендердің сұхбатын көріп, кітабын оқып жатыр.
Ең басты себеп осы, қазақ үй артында кісі бар деп ұятты сөз бен істі баласына естіртпеген халық. Ал кәзір екінші әйелім, үшінші байым деп теледидарда бөсіп отыратындар жетерлік.
Тіпті отбасында қалай ажырасып, кеткеніне дейін журналистер ежіктеп ел алдында айтқызбаса іші аурады. Тіпті ерлік жасағандай жарнама етеді.
Өз басым осы отыз жылда теледидарға бір бизнесіменді шақырып сұхбат алғанын көрмедім. Кілең анан қашқан мынан қашқан ұрлықпен байыған, әйтеуір аузынан шығар оңды сөзі жоқ әйтеуір ән салса болды деп, көлбеңдеп жүрген біреулерді шақырып сұхбат алады.
Қазақ сынақтан басқаның бәрі жұғады деген. Әрине ұят іс деп санамағанның бәрі көбейе береді.
(Оқырманымның пікірі)
Ахметбек Нұрсила
Фейсбуктегі парақшасынан





