Жастарға бата беретін жастағы қазақтың бір қариясының сиқы осы...

Жастарға бата беретін жастағы қазақтың бір қариясының сиқы осы...

Күнде таңертең тұрғанда аман-есендігім үшін Аллаға мың да бір алғыс айтамын. Жалғыз қызымның жамандық көрмеуін, ауру-сырқау мен бәле-жаладан аулақ болуын ойлаймын. Күн астында күткен көлігіме мінгенде, тағы да Жаратқан иемізден жолымның ашық болуын сұраймын.
Бір қарағанда, көлігі бар кісілердің барлығы осылай істейді. Өкінішке қарай көп кісінің сөз мен тірлігі екі бөлек. "Бірде иман, бірде иван" деген секілді, олардың да арасында нешетүрлісі бар.
Бұрындары біраз қызметтің басын қайырған бір ақсақал көлігін жөндетуге келіпті. Жақында жетпіске толатын джентельмен қария Қырғызстанда тұратын 30 жастағы дос келіншегіне кетіп бара жатып, апатқа ұшырапты. Ауди қатты бүлінбеген. Десек те тексертіп алуды жөн көрген түрі.
-Кінәлі өзім. Кемпірімді алдап, Бішкекке барып келейін деп ойлағанмын. Қап...
-Абайлап жүріңіз...
-Кейде бағдаршамның жарықтарын шатастырып аламын. Машинаны тастайын десем, үйде ішім пысады. Әйелдермен танысуға да машина деген себепші...
Қария қатырды. Одан кейінгі әңгімесі тіпті қызық болды. Таксистердің "аруларды аулайтын" әдеттерін жыр етіп әңгімелеген ол "өзің адам тасисың ба?" деп те қойды.
-Жолушыны жиі мінгізсең, небір әйелдермен танысасың.
Елге өнеге көрсететін, жастарға бата беретін жастағы қазақтың бір қариясының сиқы осы. Не деуге болады?

Жолдасбек Дуанабай
Facebook-тегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста