Жасы үлкеннің бәрі ақылды, жастардың бәрі ақымақ па сіздің ше?!
Қазақта "жап-жас" деген жаман сөз бар. Мысалы: жап-жас болып алып, бастық болып алған ба?! Жап-жас болып алып, қазылыққа отырып алған ба?! Жап-жас болып алып... Осы сөздерді естісем, түрім осы суреттегідей бола қалады. Негізі жастардың да ішінде қолынан іс келетіндері бар! Ол туралы Асыл тасқа бітеді, Ақыл жасқа бітеді деген бабалар сөзі бар. Әрі жасым үлкен менен басқада білім жоқ деген пікірдің өзі — білімсіздік! Жасы үлкеннің бәрі ақылды, жастардың бәрі ақымақ па сіздің ше?! Жастарға да жол ашып, білмеген жерін үйретуді үйреніңіз! Бұл бір кем дүние, сізде жоқ нәрсе жастарда бар болуы мүмкін. Мысалы күш-қуат, жұмысқа деген ынта, жастық жалын! Қазір шүкір елімізде қаншама оқыған, білімді жастар бар, оларға негатив көрсетіп, дискомфорт жасаушылар да көп! Өміріңізді біреуге деген күншілдікпен қуратпай, жақсылықпен көркемдесеңіздершіііііііі...
facebook.com парақшасынан