Жат ұлтпен бас қосқан жастарымыз қосағын қазақтандырудың орнына- өзі сол ұлтқа сіңіп кетіп жатыр.

Баяғыда ауылда бір кемпір болды. Аты есімде қалмапты. Ренжісе "тұқымың тұздай болсын" дейтін. Әкем марқұм "Осының аузы жаман, қарғыстың ауырын айтады. Өзіне де жақсы емес. Киеліге тап болып, қарғысы өзіне соқса не істейді?!" деп, басын шайқап отыратын. Соңғы кездері ұлт айдындарының ұрпақтары жат ұлтқа айналғанын жиі көріп, "тұқымы-тұздай болды деген осы ма екен?" деп те ойланам. Меніңше, тағдыр мен уақыттың ең үлкен жазасы ұрпағыңның тұздай боп, жаттың болмысына айналғаны болар? Тек, тектілік - бабалар кие тұтқан ең қасиетті ұғым ғой. Қай ұлтпен бас қосса да "өзіне" айналдырып, сіңіріп алатын өзге ұлттарға қарап тамсанам. Мәселен, өзбек пен түріктің алмайтын ұлты жоқ. Бірақ, бәрін өзінің тіліне, салтына сіңіріп алады. Қазақтың ұлы болсын, қызы болсын махаббатпен үйленге жатқа... "Өзгеге жұтылып, сіңіп" кететіні несі екен? Сонау, жат ұлтпен бас қосқан, ұрпағы тұздай болған қазақ айдындарының өмірі бүгін де жалғасып жатыр. Жат ұлтпен бас қосқан жастарымыз қосағын қазақтандырудың орнына- өзі сол ұлтқа сіңіп кетіп жатыр. Неміз барын?.. Қасырет!..
Фейсбуктегі парақшасынан





