"Жеңіс күні" мерекесінің мағынасын қайта қарау керек

"Жеңіс күні" мерекесінің мағынасын қайта қарау керек

Бүгін еліміздің көп қалаларында өткен "Мәңгілік Данқ"-"Бессмерный Полк" шерулерін көрдім. Әрине "мықты" ұйымдастырған. Рессейдің идеологтарынан 2012 жылы бастау алып, 4 жылдың ішінде 39 мемлекетте кеңінен өткізілетін болды. Арасында біз де бармыз. Жаңаша әрекет, бір ортадан басқарады, мыңдаған адамды "ортақ құндылықтарға" біріктіреді. Көршілеріміздікі дұрыс ақ ...
Біздікі ше? Осы Мерекеміздің басты мақсаты қандай? Нені көздейді?
Бүгінгі күні Жеңісті қалай атап өттік?
Рессейден басқарылатын, еліміздің қалаларында өткен "Мәңгілік Данқ" шеруінде қазақ халқының батырлары, тарихи жеңістері жайлы ақпарат байқамадым. Әрине олардың сценарийінде ол жоқ. Бізден басқа біздің Данқ кімге керек?
Бізді насихаттап беріңіз деп шетел идеологтары айтпаймыз ғой.
Бірақ жастарымыз бұндай шеруді көріп не ойлайды? Шеруге шыққандардың қолдарында бір қалыппен жасаған сүреттер, олардың арасында Сталиннің, Николай 2 сіреттері жүр. Қызыл жалау, Георгий лентасын таратып, автокөліктерді танкіге ұқсатып бояған. Арасында форма киген казактар да бар. Қолдарында ойыншық болса да карулары жүр.
Оларға кім рұқсат берді? Бұл бейбіт минитнг-шеру болса неге қару ұстайды? Құқық қорғау органдары қайда жүр?
Биыл Амангелді Имановтың азаттық үшін көтерілісіне 100 жыл болады, олар сол казактармен соғысты емес пе? Сонда біз казактарды формамен көшеге шығуды рұқсат берсек ертенгі күні араңдатушылық болмайды деп кім кепілдік береді?
Біз Жаунгер халықпыз деп мақтанамыз, батырларымыз көп деп айтамыз, бірақ Жеңіс күні біздің ондай тарихымыздан көрініс қайда? Кішкентай сәбилерімізге дейін "совет әскері" формасын киіп алған. Елін қорғайтын адамның образын солай қалыптастырған дұрыс па? Өзім болсам соңғы жылдары 9 мамырды мерекелік күн емес, соғыстың құрбандарын еске алу деп қабылдаймын. Қанды майданнан елге оралмаған әкемнің екі ағасы Әбдірәшид пен Әбділаhх және нағашы атам Сейілге құран бағыштап реті келсе белгі қойылған жерге барып еске аламыз.
Уақыт өте Кеңес Үкіметінен мұра болып қалған "мерекелік сценарийлер" көңілге қона қоймайтының байқаймын. Әсіресе қаруларын шылдыратып, мыңдаған әскермен көршілерді қорқытып парад өткізү - төбелеске тоймағандардың ісі сияқты.
Басқалардан артық мерекелетіп, "ленталарын" таластырып таратып, жаңаша әдістермен шулатып шара өткізіп, гитлердің фашизімін бірге жеңдік деп Жеңіске егелік жасап жүрген көршілеріміз 70 жыл отпей бауырлас мемлекетіндегі соғыста үзенкелес дос болған жаунгерлер ұрпақтарымен өзара соғысуда.
Сонда не үшін соғысты екен? Қандай нәтиже шығарды?
Соғыста женгендер өздері соғыс бастауға ерекше құқықтары бар ма сонда?
Фашизм, нацизм дегеніміз не - өз ұлтын басқалардан артық санап, қаруға, күшке сүйеніп, халықаралық заңға қарамастан өздеріне пайдалы мақсатқа жетү үшін көрші елдерге әскери қыспақ көрсету. Сонда "фашизм" деп атап келгеніміз, кәзір аты басқа болғанымен заты дәл сондай геосаяси жағдайға куагер болған жоқпыз ба?
Кешегі "фронтовик" достарымыз бізге де арасында күш көрсеткісі келеді. Саясаткерлері біздің еліміз бұрынғы мықты империяның бір бөлігі ғана ретінде қабылдайтындарын "есімізге салып тұрады".
Сол "совет әскері" 1986 жылы менің замандастарыма қарсы пайдаланғанын да есімнен шықпайды. Алматы маңайына 17 желтоқсанда ОртаАзия, Ленинград, Москва округтарынан 50 мыңға жуық солдат әкеліп, солардың күшімен қарусыз адамдарға шабуыл жасағандарын білеміз.
Ал бізде керісінше соңғы кезде Кеңес үкіметін сағынғандай СССР деп жазылған қызыл жалауды көбейтіп кеткен сияқты.
Жалпы менің ойым заман өзгерді, қоғам өзгерді, енді бірте - бірте бұл мерекенің мағынасы да өзгеру керек. Қазақ халқының тарихы КСРО дан басталған жоқ. Егеменді ел болам дегенше көптеген ұлы шайқастар болды , ата бабаларымыз білектің күшімен найзаның ұшымен , батырлықпен елімізді, жерімізді қорғап қалды. Ал оларды қашан еске аламыз? Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Жалаңтөс Бахадур ... тағы басқа көптеген батырларымыз неге осы күндері арнайы аталмайды. Бізде оларға бөлек күн белгіленбеген ғой. Хандығымыздың 550 жылдық мерейлі тойын неге өткіздік? Жалғасы болмай ма?
Тек бір 1945 жылы Жеңіс емес, басқа да ұлы Жеңістеріміз болды. Мысалы Бұланты, Аңырақай шайқастарындағы жеңістер болмағанда казір қай мемлекеттің шеңберінде болатынымыз белгісіз.
Кең байтақ Жерімізді қалай қорғағанды білмейтін азаматтарымыз бар. Ешкімге керек болмағасын қазақ халқы оңай егеленіп қалды деп түсіндіреді кейбір көршілеріміз.
Жеңіс Күнінің идеологиясын қайта қарау керек.
Жеңіс деп аталатын күн болса - барлығын Жеңістерімізді бірге айтайық. Батыр бабаларымызға тағзым жасасақ - барлығын бөлмей еске алайық.
Мағынасы - мереке-той, ән айту, би билеу, әскерлердің жасанды шеруі емес, ленточка тағудан жарыс жасамай, батыр бабаларымызды еске алатын күн болсын. Тарихымызды терең зерттеп, ашық сабақтарды өткізіп, батырлықты, отан сүйгіштік қасиеттерді насихаттап, ауылдарымызға барып, туған туысқандар жиналып, аталарымызды еске алып, құран бағыштап өткізетін күн болсын.
Солай болатынына сенемін.
Жұртымыз тыныш, жеріміз тұтас, Еліміз Мәңгі болсын.
PS. Өз басым соңғы жылдары Жеңіс күнін соғыстың құрбаны болып, елге оралмаған әкемнің екі ағасы Әбдірәшид пен Әбділаhх көкелерімізге және нағашы атам Сейілге құран бағыштап , реті келсе белгі қойылған жерлерге барып қайтамыз. Әкеміз марқұм Астанаға келгенде барлығымызды Қабанбай Батыр кесенесіне ертіп апаратын. Шырықшымен әңгімелесіп батыр бабаларымызды еске аламыз.
Суретте әкеміз бастап 2010 жылы бірге барғанымыз

Мұрат Әбенов
Facebook-тегі парақшасынан 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста