Жеті баласы, одан қалса өзі еміп бордай тоздырған әйелінің төсіне қарап менсінбей отыр
Порт еткізіп жел жібере салып, салбыраған қарнын шайқап-шайқап штанына сүңгітіп жіберді. Арзан темекісінің түтініне қақалып-шашалып, пивосын сіміріп салып, көз алды сағымданып, өзі тоздырған әйелін жаратпай: "Мадонна, Джоллидей бола алмайды қазақ қатындары" деп жиіркене қарады. Сол боққарын мұжық өзін Бред Пит санай ма сонда?
Әйелінің жатырын жарып шыққан жеті баласы, одан қалса өзі еміп, бордай тоздырған төсіне, балпиған беті, жалпиған к#ті, еті мен шетіне қарап менсінбей отыр.
"Мадонна барған сән салоны мен фитнес залына бар, ішкен витамині мен ботекс, нить, пластиктерін жасат, әжіміңді тартқыз, қабағыңды тіктір, аузыңды үйректің артына ұқсатып ал" деп, әйеліне ақша санап бергендей шыртияды жүдә. Сіз қызыққан алма мойын, қиғаш қас шетелдік шүйкебастар қазақ қатыны сияқты боқтан бақыт таба алады ма өзі?
Жатырынан 7 бала өрбітіп, 77 жаялық жуып, малдың астынан шыққан боқты бір жайғап, күйеуінің аузынан шыққан боқты бір естіп, бала құйрығындағы боқты бір тазалап, жан жақтағы қайқы танау, тасбеттерден тараған боқтарға да шыланып жүріп бақытының сол боқтан келетінін біледі сіздің қатын. Төрт бөлмеге бала-шаға, қайын іні, қайын сіңілі, Ата-Енеге жекжат-жұрағатты қоса сыйдырып, шайын демдеп, атын атамай, түсін түстемей, айдауына жүріп, айтқанына көніп, қамыр жайып, от жағып, көмір тасып, күл шығарар ма екен?
Әлде саунаға барып, бетке, етке, мойын мен табанға хош иісті тұндырып, сипалатып массаж жасатып жүр ме? Ауылдағы жалғыз моншаға, кірі көң боп қатқанда кіріп, кешкі ауқат пен өрістен сиыр келгенше үлгерудің қамымен жез боп қатқан мочалкамен арқасын екі осып езіп, қайта атып шығатынын білесіз бе?
таба нан, мал қорадан шығарған қи, сауған сиыр, самаурынның түтіні, ошақтың ысы мен жусан иісі сіңген ауыл қатынының жұпарын,ешқандай француз әтірі алмастыра алмасы анық. Сол өрісі бөлек, өресі жат джентельмендерден гөрі, ышқырын тыр тыр қасып тұрып, бір боқтап алатын өзіміздікін артық көретіндерімізді сіздер де біле жүргейсіздер!
Куралай Сейсенбеккызы
Фейсбуктегі парақшасынан